Бәсекеде достық жеңді Избранное

Среда, 03 Июль 2024 04:38 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 185 раз

Шымкентте футболдан 19 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы «Zhuldyz Summer Cup» халықаралық турнирі мәресіне жетті. Жарыс Қазақстан футбол федерациясының ұйымдастыруымен және УЕФА бағдарламасы аясында өтті.

8 fot

 

Жолдастық турнирде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстанның 19 жасқа дейінгі құрамалары және жергілікті «БИІК-Шымкент» командасы шеберлік байқасты. Төрт күнге созылған бәсекеде достық жеңді. Турнирдің басты мақсаты тәжірибе алмасу болғандықтан, бұл жарыста жеңімпаз команда анықталған жоқ. Барлық ойындар «Биік» базасының «Намыс» стадионында өтті.

 

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.