ДЕПУТАТТАР АЗАМАТТАРДЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ Избранное

Среда, 26 Июнь 2024 06:28 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 897 раз

«АССАМБЛЕЯ. ПАРЛАМЕНТ. МӘСЛИХАТТАР» қоғамдық жобасы аясында Шымкент қалалық ҚХА мүшелері мен мәслихат депутаттары Сайрам тұрғын алабының тұрғындарымен кездесті. Жиынға Шымкент қалалық мәслихаты депутаттары, басқарма басшылары, құқық қорғау органдары өкілдері қатысты.

Deputat

 

Іс-шара Мемлекет басшысының ҚХА-ның «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты XXXIII сессиясында берген тапсырмасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесуге Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары Қайрат Имашев, Мұратәлі Қалмұратов, Асқар Молдабек, Қаратау ауданының әкімі Рақымберді Мүлкеманов, Шымкент қаласы прокурорының аға көмекшісі Нариман Базарбаев, қалалық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлнәр Дәрібаева арнайы қатысты.
Еркін форматта өткен басқосуда еліміздің ішкі саяси тұрақтылығын одан әрі нығайту және халықпен тікелей байланыс орнату мәселелері айтылып, азаматтардың талап-тілектері, ұсыныстары тыңдалды.
Іс-шара ҚХА-ның «Бейбітшілік және келісім» жобасы аясында қоғамдық қабылдаумен жалғасты. Онда сала басшылары мен арнайы мамандардан жасақталған 7 топ тұрғындар арасында «Этносаралық келісім», «Әлеуметтік және еңбек проблемаларын шешу», «Халықтың денсаулығы», «Халыққа білім беру», «Бизнес ортаны дамыту», «Конфессияаралық келісім», «Заңдылық, тәртіп және қауіпсіздік» сынды бағыттарда қабылдаулар, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.