Байсейітов «Ордабасыны» баптайды

Четверг, 20 Август 2015 09:44 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 4958 раз
baiseitov2Футболдан Шымкенттің «Ордабасы» клубын белгілі қазақстандық бапкер Бахтияр Байсейітов жаттықтыратын болды. Ол осыған дейін де (2003-04 жылдары) клубты жаттықтырған болатын.
 
Б. Байсейітов футболшы ретінде 1981-82 және 1984-85 жылдары шымкенттік «Мелиоратордың» және алматылық «Қайрат» (1993 жылы) футбол командаларының құрамында ойнаған.
 
Ал, бапкер ретінде «Қайрат», «Ордабасы» және «Атырау» командаларына жетекшілік еткен. 1992-93 жылдары Қазақстан құрамасының бас бапкері болған. 
 
Еске сала кетейік, 62 жастағы маман 2006 жылы Қазақстан Футбол федерациясы президентінің кеңесшісі қызметін де атқарған болатын.
 
С. ТАСТАНБЕК
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.