×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

«Астана» – чемпиондар лигасының топтық кезеңiнде

Вторник, 01 Сентябрь 2015 11:19 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 3944 раз

Astana chempiondar ligasinin 35Футболдан Еуропа чемпиондар лигасында бақ сынап жатқан «Астана» футбол клубы ел тарихында алғаш болып топтық кезең жолдамасын иемденді. Турнирдің плей-офф бәсекесі шеңберінде Никосияда Кипрдің «Апоел» командасымен кездескен елордалық команда қарымта кездесуде өзіне қолайлы нәтижеге қол жеткізе алды.

Алдымен апта уақыт бұрын «Астана-арена» стадионында өткен алғашқы кездесуде қазақстандық клуб 1:0 есебімен матчты өз пайдасына шешкен болатын. Сырт алаңда өткен қарымта кездесуде аса тартысты жағдайда өрбіген ойын нәтижесі 1:1 есебімен тең аяқталды. Осылайша, қос матчтың қорытындысы бойынша «Астана» чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.
Енді басынан баяндасақ. 23 мың жанкүйер қызу қолдау көрсеткен Никосияның «ASP» стадионындағы кездесу толығымен алаң иелерінің басымдығымен өтті. Бірінші таймда бірнеше рет қауіпті шабуылдар ұйымдастырғанымен «Апоел» ойыншылары есеп ашатын мүмкіндіктерді мүлт жіберді. Ал «Астана» қарымта шабуылдарға ғана иек артып, негізінен қорғаныста көп күш жұмсады. Көпшілік күткен нәтиже ойынның екінші бөлігінде орын алды. Толассыз шабуыл ұйымдастырған алаң иелері 60-минутта есеп ашты. Айып соққысын өте сәтті орындаған Семир Штилич тамаша голдың авторы атанды. Гол салғаннан кейін «Апоелдің» қарқыны күшейіп, шабуылдауды үдете түсті. Осыдан кейін ғана ойынға өзгерістер енгізуді жөн көрген «Астананың» бас жаттықтырушысы Станимир Стойлов шабуыл шебін күшейтіп, бірқатар ойыншыларын алмастырды. Нәтижесінде, ширақ шабуылдарға иек артқан «астаналықтар» ойынның 84-минутында дегеніне жетіп, таразы басын теңестірді. Бауыржан Жолшиевтың айып алаңына қапталдан асырған добын сәтті пайдаланған Неманья Максимович Қазақстан футболы тарихындағы ең маңызды голдардың бірін соқты. Есеп – 1:1. Ойын соңына дейін өзгермеген осы нәтиже «Астананы» турнирдің топтық кезеңіне алып шықты.

Последнее изменение Вторник, 01 Сентябрь 2015 11:27