«Ордабасының» бас бапкері қызметінен кетті

Вторник, 18 Август 2015 11:31 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 3966 раз
www88888Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері Виктор Кумыков қызметінен кетті. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлайды.
 
Бұған дейін Қарағандының «Шахтер» командасына бас бапкер болған В. Кумыков «Ордабасы» клубын өткен жылдың желтоқсанынан бері жаттықтырып келеді.

Ресейлік маман басқарған уақыттан бері «Ордабасы» алға қойған бірінші мақсатына қол жеткізіп, премьер-лигадағы үздік алты клубтың қатарына кірді. Ал, маңызды екінші кезеңнің алғашқы ойынында өз алаңында "Қайратпен" 0:0 есебімен тең түсті.
 
«Шымкент келбеті»
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.