×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 23

Бiлгiр де бiлiмдi дәрігер

Пятница, 16 Январь 2015 05:01 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5816 раз

Бүкіл саналы ғұмырын медицина саласына арнаған шымкенттік хирург-дәрігер Әшімхан Есенгелдиев бүгінде алпыс жасқа толып отыр. Соқтықпалы-соқпақты кезеңдерден сүрінбей өткен оның өмір жолы ауруымен алысқан адам тағдырын арашалаудан тұрады.

densulyk ashymkhanОтырар ауданында дүниеге келген Әшімхан ағаның бала күнгі арманы хирург болу еді. 1961 жылы орта мектепті бітірген соң арман қуып Алматы медицина институтына оқуға түседі. Хирург мамандығы бойынша алты жыл білім алып, оны 1977 жылы тәмамдайды. Алған білімді тәжірибеге ұштастырған оның бүгінге дейінгі медицинадағы қолтаңбасы орасан зор. Қалалық жедел жәрдем ауруханасында хирург болып бастаған оның еңбек жолы ары қарай тоқтаусыз өріле береді. Н.Танашев, В.Орынбаев секілді білікті дәрігерлердің ақыл-кеңесін өмірлік ұстаным деп білді. Қатардағы қызметкерден облыстың бас хирургы дәрежесіне дейінгі тәжірибесі өз ісіне адал, антына берік ақ халатты абзал жанды одан сайын шыңдай түсті. Бүгінде ол облыстық клиникалық аурухана бас дәрігерінің хирургия бойынша орынбасары болып жұмыс істейді.
– Пышақ үстінде жатқан аурудың үмітін өшірмей, оны өмір сүруге талпындыру, сендіру қаншалықты ауыр болса, ота жасайтын дәрігерге артылар жауапкершіліктің өлшемі де соншалықты жоғары, – дейді Әшімхан аға.
Отыз жылға жуық ғұмыры медицинамен байланысты болса, оның ішінде облысқа сіңірген еңбегі өлшеусіз. Бүгінде медицинаның хирургия саласына табан басып келе жатқан жас мамандардың біразы Әшімхан дәрігердің «шекпенінен» шыққандар. Бұл туралы: «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген. Білім биігінде қанат қаққан шәкірттерімнің бәрімен мақтанамын» дейді дәрігердің өзі.
Денсаулық саласының үздігі, 2009 жылы облыстағы «Ең таңдаулы дәрігер» номинациясын иемденген  Әшімхан Есенгелдиев бүгінде отбасында 5 қызы бір ұл тәрбиелеп, өсіріп отыр. Оның ішінде әке жолын қуған қыздары Лала мен Жанарға білгенін айтудан жалыққан емес.
Ал біз алпыстың асуына шыққан ағаның алары әлі де алда болсын деп тілейміз.