×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Тәртіп пен қауіпсіздік үшін

Пятница, 27 Февраль 2015 04:45 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5180 раз

баршамыз жауаптымыз

 

«Біз тіпті ұсақ-түйек құқықбұзушылықтарға, бұзақылыққа, мәдениетсіздікке төзбеуге тиіспіз. Себебі, бұл қоғамдық тыныштықты бұзады, өмір сүру сапасын төмендетеді».

Н.Назарбаев,
ҚР Президенті.

8f03da5005a9a11e07754323e5d05b85Демек, «нөлдік төзімділік» – адамдардың ұқыптылығы мен ішкі мәдениетін қалыптастыруға үндейді. Яғни, еліміздің әр азаматы кез келген құқықбұзушылыққа жайбарақат қарамауы керек. Бар мәселені тек құқық қорғаушы органдарға жүктеп қоюға болмайды. Елдегі тәртіп пен қауіпсіздік үшін баршамыз жауаптымыз. Кез келген тәртіпсіздіктің алдын алу – борыш екендігі ел азаматтарының санасына сіңірілуі тиіс.  
«Нөлдік төзімділік» қағидасы бойынша Шымкент қаласы аумағында бірқатар шаралар атқарылып келеді. Ұсақ құқықбұзушылық әрекеттерге мүлдем төзбеу саясаты бойынша, қалалық ішкі істер басқармасы қызметкерлері нәтижелі жұмыстар жүргізуде.
– Жуырда еліміздің Қылмыстық кодексі бірқатар баптармен толықтырылып, кей заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілді. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар әкімшілік құқықбұзушылыққа тартылады. Ауыр заңбұзушылық болмаған соң, басым бөлігі тек айыппұлдармен ғана құтыла салатын кездер де аз емес. Әйтсе де, кішігірім тәртіпсіздік төтенше жағдайдың орын алуына алып келуі әбден ықтимал, – дейді Шымкент қалалық ішкі істер басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Мұсабек Зұлпыхаров. – Ұсақ құқықбұзушылық жасағаны үшін өткен жылы Шымкент қаласы бойынша 2491 азамат жауапқа тартылып, 4 миллион 232 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Нәтижесінде, оның 1 миллион 762 мың теңгесі өндіріліп алынды. Ал, 2015 жылдың 2 айында 2570 ұсақ құқықбұзушылық дерегі тіркеліпті. Айыппұлдың жалпы сомасы 4 миллион 375 мың теңгені құрайды. Күні бүгінге дейін оның 2 миллион 28 мың теңге қаржысы өндірілді.
Айыпты болған азаматтар қатарында әсіресе, белгіленбеген орындарда темекі тарту, қоқыс тастау сынды іс-әрекеттерге жол бергендер көп. Атап айтқанда, тек, жыл басынан бергі 2 айда түнгі тыныштықты бұзып, айыпты болған 84 азамат, абаттандырылған аумақтарда ережелерді бұзу дерегі бойынша 287 азамат жауапқа тартылған болса, заңсыз сауда бойынша 539 құқықбұзушылық дерегі тіркелген.

Сіз не дейсіз?

Ұсақ бұзақылыққа көз жұма қарамау керек

photo askarАсқар ЕРКІНБЕКОВ,
«Нұр Отан» партиясы ОҚОФ-ның
заңгер-кеңесшісі:

– «Нөлдік төзімділік» шеңберінде жүзеге асырылып жатқан шаралар сөз жоқ, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мен қылмыстың алдын алудағы маңызды қадам болмақ. Жалпы, қоғамдық тәртіпті бұзып, әдепсіздік танытқан, мәдениетсіздігін білдірген адам отбасында алған тәрбиесінің деңгейі төмендігін аңғартады. Өзгенің еңбегін сыйламайтындығын, бағаламайтынын білдіреді. Ондай азаматтарды қайта тәрбиелеу мүмкін емес шығар. Дегенмен, жауапқа тартып, заң талаптарын ұғындыру, мәдениеттілікке шақыру құқықбұзушылықтың алдын алуына септігі тиері анық.
Бұл ретте, қоғамда ұсақ құқықбұзушылықтарға, бұзақылыққа және мәдениетсіздікке «нөлдік төзімділік» атмосферасын қалыптастыру мақсатында облыс аумағында учаскелік полиция бекеттері жанынан 254 қоғамдық кеңес құрылып, бүгінде жер-жерлерде насихат жұмыстары жүргізілуде.

Последнее изменение Пятница, 27 Февраль 2015 05:25