Көлiк тiзгiндеген келiншек

Вторник, 03 Март 2015 04:30 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3994 раз

Өткен жылы қаламызда әйелдер таксист қызметін көрсете бастағанда бәрімізге таңсық көрінді. «Қалай болар екен?» деп әліптің соңын бақтық.

20150228 171808«Ер азаматтың өзі белсене кірісе қоймайтын бұл кәсіпті әйелдер қалай игереді екен, оның жауапкершілігі мол емес пе?» дегендер де болды. Әсіресе, ерлер жағы таңданысын жасырмады. Бірақ, нәзік жандылар шымкенттіктердің үмітін ақтады. Олар бір жылдың ішінде өз ісінің шебері болып, жолаушыларын діттеген жеріне дер кезінде жеткізуде алдына жан салмайды. Солардың бірі –Зухра Разметова. – Такси қызметі жұмысын бастағанда бізге сенім білдіре қоймады. Көп ретте, әйелдер, жас қыздар шақыратын еді. Біртіндеп, ер кісілер де қызметімізді пайдаланатын болды. Өкінішке қарай,түнгі уақыт біз үшін қауіпті. Өйткені, жол ережесін сақтамай, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кететіндер көп. Әсіресе, жастар жағы ереже бұзады. Қазір біздің таксопаркімізде 7 қыз таксист болып жұмыс істейді, – дейді Зухра.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

2001 жылдан бастап журналист болып жұмыс істейді.  Бұған дейін "Сайрам ақшамы", "Отырар" телеарналары мен "Юмакс" радиосында жұмыс істеген. 2012 жылдан бастап қалалық "Шымкент келбеті" газетінің тілшіcі.

Другие материалы в этой категории: « Телеграфист Забира Баспаналы болу - бір бақыт »