Телеграфист Забира

Вторник, 03 Март 2015 04:27 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4001 раз

Қазіргі кезде әр салада ер-азаматтармен қатар жүріп, жұмыс атқаратын қыз-келіншектер аз емес. Отбасын құрып, дүниеге сәби әкеліп, қызметті де атқаратын нәзік жанды азаматшалар арамызда көп. Балаларды тәрбиелеу мен ерінің жағдайын жасау да үлкен жауапкершілік. Отбасының беріктігін сақтап, перзенттеріне жақсы тәрбие беру арқылы қоғамымызға пайдасын тигізіп отырған әйелдер көлік жүргізе алады, әскери форма киіп қызмет етеді, қажет болған жағдайда техниканы да жөндеуге қабілеті жетеді. Демек, кез келген жұмыстың қиындығына қарамай, заман талабына бейімделіп келеді. Әйелдер бүгінде отбасы, ошақ қасында қалып қоймай, заманмен бірге дамуда. Бұл – уақыт талабы.

IMG-20150302-WA0008Әскери қызметке әйелдер тарапынан қызығушылық артпаса, азайған емес. Ер азаматтармен қатар сапта тұру, түннің бір уақытында келіп түскен дабылға байланысты шапшаң жиналып, белгіленген уақытта жұмыс орнында болу – кез келген қыз-келіншектің қолынан келе бермейді.

Біздің кейіпкеріміз – Зәбира Арапбаева. ОҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменті байланыс торабының радиотелеграфисі болып жұмыс істейді. 14 жылдан бері осы салада қызмет етіп келеді. Өмірлік серігі де әскери қызметкер. Екі баланың анасы. Оның міндеті әрдайым жоғарыдан келетін хабарламаларды дер кезінде қабылдап алу.
– Кішкентай қабылдағышымыз бар. Еліміздің Қорғаныс министрлігінен дыбысты түрде дабыл келеді. Негізінен, бейбіт өмірде оқу-жаттығу жұмыстарына байланысты.
Жалпы әр минутымызға жауапкершілікпен қараймыз. Кезекшілікті бір тәулікте атқарамыз. Әсіресе, түнде ұйқы қысқанда көз ілуге болмайды. Өйткені, келген хабарлама санаулы сәтте-ақ өтіп кетеді. Радиограмманы да қабылдаймыз. Өзіміз білетін телеграмма секілді. Әйел үлгеремін десе, кез келген жұмысты «ұршықтай иіре» алады, – дейді Зәбира.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

2001 жылдан бастап журналист болып жұмыс істейді.  Бұған дейін "Сайрам ақшамы", "Отырар" телеарналары мен "Юмакс" радиосында жұмыс істеген. 2012 жылдан бастап қалалық "Шымкент келбеті" газетінің тілшіcі.