16 наурыз – «Жайнау күні» Шымкентте кеңінен атап өтілді. Бұл күні қаладағы орталық көшелер безендіріліп, мерекелік күйге бөленді. Оқу орындары мен мәдени ошақтарда түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылды.
«Жайнау күнінде» Шымкентте белсенді жастардың қатысуымен қоғамдық көліктерге 1200 мерекелік стикерлер жабыстырылып, қала көшелеріне 20 баннер мен 400 жалаушалар ілінді. Сонымен қатар, қала тұрғындарына Наурыз мерекесінің нышаны бейнеленген 1000-нан аса парақшалар таратылды.
Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімі “Шымкент жастары” КММ-нің ұйымдастыруымен өткен шараға қаладағы орта және арнаулы білім беретін мектептерден 30-ға жуық белсенді жастар қатысты. Атап өтерлігі, бұл бастама өңірдің барлық аудан қалаларында да жалғасын тапты.