Жастар белсендiлiк танытты

Пятница, 20 Март 2015 06:33 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5749 раз

16 наурыз – «Жайнау күні» Шымкентте кеңінен атап өтілді. Бұл күні қаладағы орталық көшелер безендіріліп, мерекелік күйге бөленді. Оқу орындары мен мәдени ошақтарда түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылды.

DSC 0487«Жайнау күнінде» Шымкентте белсенді жастардың қатысуымен қоғамдық көліктерге 1200 мерекелік стикерлер жабыстырылып, қала көшелеріне 20 баннер мен 400 жалаушалар ілінді. Сонымен қатар, қала тұрғындарына Наурыз мерекесінің нышаны бейнеленген 1000-нан аса парақшалар таратылды.
Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімі “Шымкент жастары” КММ-нің ұйымдастыруымен өткен шараға қаладағы орта және арнаулы білім беретін мектептерден 30-ға жуық белсенді жастар қатысты. Атап өтерлігі, бұл бастама өңірдің барлық аудан қалаларында да жалғасын тапты.

Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.