Наурыз - жаңару мен жасампаздықтың бастауы Избранное

Пятница, 20 Март 2015 05:53 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4670 раз

1-bet-nauryz

Құрметті Шымкент қаласының
тұрғындары, қонақтары!

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз!
Наурыз – жақсылық пен молшылықтың, жаңару мен тазарудың айқын нышаны. Ерте заманнан тамыр алған халықтың салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен астасқан бұл күннің тарихи мазмұны терең, әлеуметтік-рухани мәні мен маңызы зор. Ақ­тың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңейетін кезеңі – Наурыз жаңару мен жасампаздықтың  бастауы, ырыc пен берекенің арқауы. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ел халқы өз таңдауын жасауға мүмкіндік алып, өз қалауын білдірді, яғни  бұл да дәстүрлі құндылықтар аясында бірігіп, игілікті жаңа бастауларға ниет білдірудің белгісі.
Бүкіл тіршілікке шаттық нұрын сыйлап, адам баласын тек ізгілікке, мейірімділікке, ұйымшылдыққа, татулыққа шақыратын мерекені шымкенттіктер берекелі де толайым табыстармен, шырайлы көңіл-күймен қарсы алуда. Бұл мереке облыс орталығында өмір сүріп жатқан ұлт пен ұлыстардың арасындағы достықты бекітуге, бауырластық қарым-қатынастардың нығаюына, әр ұлттың салт-дәстүрінің қайта жаңғыруына өзіндік үлесін қосып келеді. Биылғы Наурыз ел тарихындағы жаңа бір кезеңнің бастауы болуымен де ерекшеленбек.

Қадірлі жерлестер!

Күн шуағына шомылып қайта түлеген табиғат аясында жан-дүниелеріңіз сергіп, еңселеріңіз әрдайым биік болсын! Мемлекетіміз бен қаламыздың одан әрі дамуына өз үлестерін қосып жүрген барша шымкенттіктерге сәттілік, толайым табыстар, мықты денсаулық, береке-дәулет, отбасылық бақыт тілейміз! Әрбiр шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

Дархан САТЫБАЛДЫ,
Шымкент қаласының әкімі                              
Нұрлан БЕКНАЗАРОВ,
қалалық мәслихаттың хатшысы
Последнее изменение Пятница, 20 Март 2015 06:08
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.