Бiздiң таңдауымыз – тұрақтылық Избранное

Пятница, 27 Март 2015 05:19 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3760 раз

ҚР Президенттігіне үміткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа қолдау көрсету мақсатында Шымкентте Елбасы жақтастарының форумы өтті. «Қиял әлемі» техносаябағында өткен шараға ардагерлер, депутаттар, жоғары оқу орындарының студенттері мен түрлі салада еңбек ететін кәсіпорын қызметкерлері қатысты.

DSC 1314– Халық қашан да тұрақтылық пен татулықтың, өсіп-өркендеу мен бейбіт өмірдің қолдаушысы һәм жаршысы болып қала бермек, – дейді облыстық өзбек этномәдени орталығының басшысы Икрамжан Хашимжанов. – Ертеңіне деген сенімді көңілге ұялатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасына өңірдің барлық этномәдени бірлестіктерінің бірауыздан қолдау көрсетуі – ынтымаққа ұйысқан елдің берекелі де бекем тірлігін айғақтайды. Елдің келешегін кемелді ете білер Нұрсұлтан Әбішұлының кандидатурасына қолдау таныта келген көпшіліктің ізгі ниеті осындай ортақ ойға саяды.
DSC 1319Форумға жиналғандар тәуелсіз қазақ елінің 20 жылдан астам уақытта қол жеткен биік белестерін ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесімен байланыстырады. Бейбітшіліктің бесігіндей болған қазақ даласы бүгінде 100-ден астам ұлт пен ұлысты өзара ынтымақ пен татулық жағдайында үндесе ғұмыр кешіп келеді.
«Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының төрағасы Өмірзақ Мелдеханов, облыстық мәслихат депутаты Әбілқасым Досболов және сөз кезегін алған өзге де азаматтар әлеуметтік - экономикалық тұрғыдан ел әлеуетінің жыл өткен сайын арта түсуі – Елбасының белгілеп берген ұзақ мерзімді стратегиялық бағыты мен түрлі бағдарламаларының айқын жемісі екеніне баса тоқталды. Өнер жұлдыздарының орындауындағы патриоттық рухта әуелеген әндер жиылған көпшіліктің көңіліне ерекше жігер беріп, дархан елдің еркін ұландары ретінде мақтаныш сезімін ұялата түсті.

 

Марат НАЗАРОВ

Последнее изменение Пятница, 27 Март 2015 05:27
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.