Жаңару, жасару, жарасым мерекесі Избранное

Пятница, 27 Март 2015 05:11 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3846 раз

шымкенттіктер Наурызды жаңа алаңда қарсы алды

Қала тұрғындары мен қонақтары биылғы Наурыз мейрамын аста-төк тойлады. Таңертеңнен "Нұрсәт" шағынауданындағы жаңа әкімшілік-іскерлік орталығындағы алаңға қарай ағылған жұрттың қарасы көп. Ұлыстың ұлы күнінің бағасын асырып, сән-салтанаты келіскен думанды мерекеге  20 мыңға жуық халық жиналды.

DSC 0486Қазақ тойдан кенде емес. Түркі  халқы жаңа жыл басын күтіп алуға әу бастан қамданады.  Жаңа әкімшілік іскерлік орталығы алдындағы бас алаңда 20 киіз үй тігіліпті. Алтыбақан тепкен қыз-жігіттер, асық ойынын қыздырған балалардың көңілінде қуаныш. Дастарханның жайнап, самаурынның қайнап тұратыны да осы кез емес пе?!  
Ұлттық ойындар мен арнайы театрландырылған көріністер мерекенің ажарын ашып, қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Сүгір атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрі қазақтың күйін асқақтатты. Өнер мекемелері және этномәдени бірлестіктер де тартымды қойылымдарымен тәнті етті.  
Қыдыр ата жиналған елге  бата берсе, алаңға жиналған өнерпаздар ел бірлігін бейнелейтін көріністерімен  шараның сән-салтанатын асырды.
Орталық алаңдағы думанды тойдан дәм татып, қуанышқа ортақтасуға облыс басшылары да келді. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов жиналған халықты әз-Наурызбен құттықтап, мерекелік дастарханнан дәм татты. «Бейбіт заманда дұрыс саясаттың арқасында қарқынды даму жолына түстік. Тәуелсіз Қазақстанның әрбір мерекесін халық көтеріңкі көңіл, үлкен қуанышпен атап өтеді. Наурыз – жылдың басы,  табиғаттың жаңаруы», – деді облыс әкімі барша облыс халқын мерекемен құттықтап.
Әрі қарай, елге белгілі күміс көмей әншілер асқақ рухты әндерімен көңілді серпілтті. Мерекелік концерттің басын ҚР Мәдениет қайраткері Хадиша Шалабаева бастап берді.
    Балуандар белдесуінсіз қазақтың тойының сәні кірген бе?! Ұлық мерекеде жеңін түріп тастап, жұмарласып жатқан балуандардың өнері де көпшіліктің делебесін қоздырды.
Жыл басын осылай қарсы алдық. Елге құт дарып, бақ қонсын дейміз. Ырыс-ынтымақ артсын.

DSC 0384  DSC 0336

 

Последнее изменение Пятница, 27 Март 2015 10:46
Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.