Айналаңды таза ұста

Пятница, 27 Март 2015 05:53 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 6648 раз

«Тазалық тазалаған жерде емес, таза ұстаған жерде» деген мәтелді кей тұрғындардың ұмыт қалдыратыны өкінішті. Тазалыққа мән бермейтіндер көп.

4da00cfe8b4afБәріміз де тұрғылықты ауламыздың абаттанған, көрікті болғанын қалаймыз. Таза аула жайлы өмір сүрудің басты кепілі. Тазалық мәселесінде дамыған елдерден үлгі алуға болады. Өркениетті елдің тұрғындары кез келген жерге қоқыс лақтырып, қоғамдық орынды былғауды ар санайды. Неге біз де осылай етпеске?!
Бүгінде нөлдік төзімділікті кеңінен насихаттаудың арқасында тазалық жұмыстары жандана түскен. Мәселен, Шымкент қаласында  қоғамдық ортаны бүлдірген мың тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әрбіріне 10 АЕК немесе 19 820 теңге айыппұл салынған. Әрине, бұл өзгелерге сабақ болары сөзсіз.

  Мынадай жағдайда айыппұл төлейтіндеріңіді естеріңізге саламыз:
– Ұсақ құқық бұзушылық үшін- 10 АЕК
– түнгі уақыттарда тыныштықты бұзсаңыз – 5-тен 50 АЕК-ге дейін
– қоғамдық орындарда ішімдік ішсеңіз – 5 АЕК
– тыйым салынған  орында темекі шексеңіз – 3 АЕК
– ескерткіштерді сақтау мен қорғау ережелерін бұзсаңыз – 5-тен 50 АЕК-ге дейін
– жасөспірімдердің вандализм әрекеті үшін – 15 АЕК (ата-аналар үшін)

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.