– Қостанай облысының әкімшілігімен хабарласып, эвакуацияланған адамдарға қажетті материалдық көмекті анықтадық. «Сайрам» тұрғын алабынан 5 тоннаға жуық азық-түлік, санитарлық-гигиеналық заттарды 2 «Газельге» артып, аттандырдық. «Мейірім-Сайрам» қайырымдылық қорының өкілдері керуенді белгіленген аймаққа жеткізіп, көмекке мұқтаж жандарға 300 кг палау басып, таратуға ниеттеніп отыр, – деді Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Тахирбек Нышанбаев.
«Мейірім-Сайрам» қайырымдылық қорының менеджері Фарухжан Ахмедовтың айтуы бойынша, қайырымдылық қордың өкілдері зардап шеккен аймақта 1-2 күн болып, отандастарымызға көмек көрсетпек ниетте.
Айта кетейік, аталмыш көмек керуені 10 сәуірде «Сайрам» тұрғын алабында орналасқан «Den&Noch» супермаркеті алдынан жолға шықты.
Абылай ОРАЗАЛИЕВ