×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Тұңғыш генералдың есiмi ұлықталды

Пятница, 27 Март 2015 06:16 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5747 раз

Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай «Ерлік» мұражайында Кеңес Одағының Батыры, қазақтан шыққан тұңғыш генерал-майор Сабыр Рақымовқа арналған «Ерлікке толы ғұмыр» атты тарихи-танымдық кеш ұйымдастырылды.

obsh260111a1bКешке батырдың өнегелі өмірін зерделеп, кітап жазған белгілі шежіреші-ғалым Елік Дүйсебеков, Ауған соғысының ардагері, батырдың ұрпағы Қайрат Диханов қатысты. Жоғары оқу орнының студент-жастары бұл кеште слайд арқылы батырдың өмір жолын сипаттайтын «Отты жылдар шежіресі» атты киномонтажды тамашалап, тұңғыш генерал – Сабыр Рақымовтың қайсарлыққа толы ғибратты ғұмырынан сыр шертілген естеліктерге қанықты. Кешті Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Сабырбек Олжабай жүргізді.
– Сабыр Рақымовтың көпшілік біле бермейтін қырларын ашып көрсету мақсатында, ұзақ жылдар еңбектеніп, оның өмір жолын сипаттайтын «Ерлікке толы ғұмыр» атты деректі повестін жаздым, - дейді Елік Дүйсебеков. – Осы шығарма арқылы оқырмандар оның шыншылдық пен өрлікке толы бейнесін танып біле алады.
Жастардың бойына Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін ұялатып, азаматтық жауапкершілігін арттыруды көздеген ғибратты кездесу кеші сұрақ-жауап түрінде өрбіді.