«МҰЗ САРАЙЫ» МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Избранное

Среда, 31 Июль 2024 05:06 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 549 раз

Бүгінде Шымкент қаласының жанашыр азаматтары шаһардағы «Мұз сарайының» ендігі тағдыры не болатынына алаңдаулы. Өйткені, бұл – мегаполистегі қысқы спорт түрімен шұғылдануға болатын жалғыз орын.

MuSsar

 

Шымкент қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бірқатар нысандарды мемлекет меншігіне қайтару бойынша тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Олардың қатарында «Мұз сарайының» ғимараты да бар. Ғимарат осыдан жеті жыл бұрын «Мұнай Құрылыс Сервис» ЖШС-іне 128 миллион теңгеге сатылған. Жалпы сол кездегі нысанды бағалау құны 996 миллион теңге болған. Жеңімпазбен шарт жасалған, алайда, келісімде нысанның қызмет көрсету бейінін сақтау мәселесі көрсетілмеген.
Қала прокуратурасы тексеру жүргізіп, мемлекеттік мүддеге қайшы ұйымдастырылған аукцион барысынан бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. Қадағалау органы Шымкент қаласының ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотына мемлекеттің үлесін сатып алу келісім-шартын жарамсыз деп тану туралы талап-арыз жолдады. Сот шешімімен қалалық прокуратураның арызы қанағаттандырылды. Осылайша, «Мұз сарайы» мемлекет меншігіне қайтарылды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.