Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібі

Пятница, 26 Июль 2024 07:35 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 706 раз

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – бұл зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін берілетін ай сайынғы ақшалай төлем.

 

Мемлекеттік базалық зейнетақы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 65 пайызы мөлшерінде, оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің он жылдан асқан әрбір толық жылы үшін 2 пайызға ұлғайтыла отырып, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 105 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін беру кезінде зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне:
1) осы Кодекстің 208-бабына сәйкес есептелген, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде істеген еңбек өтілі;
2) міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемелеріне 0 түзету коэффициенті қолданылған еңбек, кәсіпкерлік қызмет, қызмет түрлері бойынша жеке практикамен айналысу кезеңдері;
4) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 51) тармақшасына сәйкес 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 2020 жылғы 1 қазан аралығындағы кірістері жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен алып тасталған қызметті жүзеге асыру кезеңі;
5) жұмыс істемейтін ананың немесе жұмыс істемейтін әкенің (ол нақты күтімді жүзеге асырған кезде) жас балаларға күтім жасаған, бірақ әрбір бала 3 жасқа толғанға дейін жалпы жиынтығы 12 жыл шегінен аспайтын уақыт;
6) 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаға күтім жасаған уақыт;
7) әскери қызметтегі, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі кезеңдер;
8) Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметтері мен халықаралық ұйымдар қызметкерлерінің жұбайы (зайыбы) шетелде тұрған, бірақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезең;
9) әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері жұбайларының (зайыптарының) мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде жұбайларымен (зайыптарымен) бірге тұрған, бірақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезең;
10) "Байқоңыр" кешенінің ресейлік ұйымдарындағы 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі еңбек қызметінің кезеңдері;
11) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылған жағдай бойынша төленетін әлеуметтік төлемді алу кезеңдері;
12) басқа адамның көмегіне мұқтаж бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға, екінші топтағы мүгедектігі бар жалғызбасты адамға және жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ сексен жасқа толған қарт адамға күтім жасаған уақыт;
13) егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың еңбек қызметінің кезеңдері. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап көрсетілген кезеңдер Қорға әлеуметтік аударымдар жүзеге асырылған жағдайда есепке жатқызылады.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға құқығы жоқ адамдарды қоспағанда, толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі алушының стационар жағдайында медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Алушы медициналық-әлеуметтік мекемелерден (ұйымдардан) шыққан жағдайда, шығу айынан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі толық көлемде қайта басталады.
Міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең орталықтандырылған дерекқордағы міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы мәліметтермен расталады.
Міндетті зейнетақы жарналары толық және уақтылы аударылмаған жағдайларда міндетті зейнетақы жарналарын (олардың болуына қарай) жүзеге асыру кезеңдері мынадай құжаттармен расталады:
- міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезеңдер өтініш беруші еңбек өтілін растайтын құжаттарда көрсетілген еңбек қызметінің кезеңдеріне сәйкес келсе осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы жұмыс берушінің (құқықтық мирасқордың) немесе архивтік мекеменің растау анықтамасы;
- міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезеңдерін растайтын сот шешімі.
Міндетті зейнетақы жарналарын 2006 жылғы 1 шілдеге дейін аударған жағдайда жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңіне міндетті зейнетақы жарналары аударылған айдың алдындағы ай есепке алынады.
Егер бір айда жинақтаушы зейнетақы қорларына және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын аудару бірнеше рет жүзеге асырылса, жинақтаушы жүйеге қатысу кезеңі бір айды құрайды.

Руслан Кәрібайұлы ТҰҢҒЫШБАЕВ
Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.