ИМАМДАР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ОЙЫНДАРЫНАН КҮШ СЫНАСТЫ Избранное

Пятница, 23 Август 2024 06:03 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 232 раз

30 тамыз – Конституция күніне орай «Ата Заң – Тәуелсіздіктің тірегі» атты дін өкілдері арасында спорттық іс-шара өтті. Саламатты өмір салтын ту еткен имамдар, мешіт қызметкерлері кезекті рет жасыл алаңда бас қосып, ұлттық спорт ойындардан күш сынасты. Мерекелік іс-шараны қалалық дін істері басқармасы ұйымдастырды.

Imam

 

Сайыстың ашылу рәсімінде қалалық дін істері басқармасының басшысы Бахтияр Өнербаев имамдар арасында достықты дәріптеу, бұқаралық спортты насихаттауда осындай сайыстардың маңызы зор екенін атап өтті.
Қаладағы 94 мешіттің қызметкерлері 5 ауданға бөлініп, алдымен ұлттық спорт ойындары – арқан тарту, қол күресі, гір тасын көтеру, ләңгі тебуден сайысқа түсті. Одан әрі қарай шағын футболдан тартысты ойындар өтті. Кезекті спорттық іс-шараның жеңімпаз және жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.
Шымкент қаласының дін өкілдері әрдайым жасыл алаңда бас қосып, ұлттық спорт ойындарынан сайыстар өткізіп келеді. Бүгінгі жарысқа да барлық мешіттің қызметкерлері қатысып, белсенділік танытты.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.