Сiздер бiзге қашанда үлгiсiздер...

Четверг, 30 Апрель 2015 05:49 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3258 раз

Абай аудандық соты Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне дастархан жайып, сый-құрмет көрсетті. Сот саласының қызметкерлері бұл іс-шараны 1 мамыр мерекесіне, Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай өткізді.

DSC 0451Оған Абай ауданының әкімі А.Татыбаев, Абай аудандық сотының төрағасы Т.Бекімбетов, Абай ауданының прокуроры Ә.Мұстафаев қатысып, ардагерлерге арнап сөз сөйледі. Іс-шараны бастамас бұрын соғыстан қайтпаған боздақтардың рухына арналып Құран бағышталды. Мұнан соң сөзге шыққан азаматтар қазіргі ұрпақтың бейбітшіліктің арқасында бақытты ғұмыр кешіп отырғанын және қан майданда кеудесін отқа тосқан ардагерлеріміздің ерлігі жастарға үлгі екенін айтты.
Құрметпен шақырылғандардың бірі – ҰОС ардагері Абылай Қазыбаев. Соғысқа 1943 жылы аттанып, Курск түбінде шайқасып, жеңісті Кенисберг қаласында қарсы алған. Ал, 1950 жылдың сәуірінде Шымкентке оралып, қорғасын зауытында жұмыс істеген. Кеудесі орден мен медальға толы, 91 жасқа келген ақсақал сот қызметкерлерінің сый-құрметіне алғысын білдірді.
Айта кетейік, Абай ауданына қарасты 47 соғыс ардагері бар. Олардың 18-нің үйін әкімдік ағымдағы жөндеуден
өткізді.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

2001 жылдан бастап журналист болып жұмыс істейді.  Бұған дейін "Сайрам ақшамы", "Отырар" телеарналары мен "Юмакс" радиосында жұмыс істеген. 2012 жылдан бастап қалалық "Шымкент келбеті" газетінің тілшіcі.

Другие материалы в этой категории: « Тарих тоғыстырған түрлi ұлт Бейбiтшiлiк көшесi »