«Айгөлектiң» жеңiмпаздары анықталды Избранное

Пятница, 29 Май 2015 05:19 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5139 раз

DSC 0014Шымкент қаласындағы жасөспірімдер мен балалар орталығында мектеп жасына дейінгі балалар арасында "Айгөлек" балалар шығармашылық фестивалі өтті. Байқаудың мақсаты жас ұрпақты қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу және өнерлі, талантты балаларды анықтау.

Бірінші кезең қаладағы мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі мекемелер арасында өтті. Байқауға 21 бөбекжай балабақшаларының тәрбиеленушілері қатысты.

Өнерпаздар сан түрлі би билеп, уезді ән шырқап көрермендер көңілінен шықты.Қалалық білім бөлімінің басшысы Ынтымақ Мәдиев бастаған әділ қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар марапатталып, облыстық байқауға жолдамалар тапсырылды.

Последнее изменение Пятница, 29 Май 2015 05:21
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.