×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Мемлекеттiк қызметкерлерге мiндеттеме артады

Пятница, 29 Май 2015 05:21 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3574 раз

Мемлекеттік аппаратты реформалауөз кезегінде, мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін көтеруге ықпал ететін болады. Яғни, ендігі жерде, сала мамандарын іріктеудің тәртібі күшейеді.

Осы мақсатта іс басындағы барлық мемлекеттік қызметкерлер кешенді аттестаттаудан өтпек. Еліміздің жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары, Елбасы Н.Назарбаевтың бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадам аясында айтылған осынау міндеттеме ауқымы өңірлік тәртіптік кеңес жиынында кеңінен сөз болды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша Департаменті басшысының орынбасары Берік Бекжанов жоспардың кіріспесінде айтылған «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» тетігі әрбір мемлекеттік қызметшінің жауапкершілік міндетін арттыруға бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ, қызметке жаңа кіріскен департаменттің баспасөз хатшысы Ерлан Ермаханбетовке сәттілік тілеп, жаңа ашылған www.anticorruption-uko.kz веб-сайтын жиналған көпшілікке ресми түрде таныстырды.

Жиын соңында Берік Айдарбекұлы Шымкент қаласының №2 емханасының бас дәрігеріне қатысты қылмыстық іс бойынша ресми мәлімдеме жасады. Айта кетейік, аталған лауазым иесі 100 мың теңге пара алу барысында құрықталған. Қазіргі таңда, аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 366 бабы 3 бөлігінің 2 және 4-тармақшаларына сәйкес, қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Последнее изменение Пятница, 29 Май 2015 05:22