"Paris Kazak spor" командасы Шымкентте қонақта болды

Среда, 17 Июнь 2015 09:09 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5082 раз
8989898989898987777777777777Шымкентке Франциядан "Paris Kazak spor" футбол командасы келді. Журналистер одағы ОҚО филиалының ұйымдастыруымен бүгін "Оңтүстік" ақпарат орталығында БАҚ өкілдері команда құрамымен кездесті.
 
Айта кету керек, шетелдегі қандастарымыздың Атажұртқа келуіне шымкенттік кәсіпкер, спорт жанашыры Әбдімәжит Сыздықбеков ұйытқы болды. Францияның 7-лигасында өнер көрсететін "Paris Kazak spor" командасы 1986 жылы құрылған. Команда Франциядағы қазақдиаспорасы өкілдерінен жасақталған. Тәп-тәуір жетістіктері де бар. Биыл аталған лигада 3-орын алса, бұған дейін Париж чемпионатында, Париж аймақтық біріншілігінде 1-орынға (64 команданың ішінде) ие болған. Командада 44 ойыншы болса, соның 30-ы этникалық қазақ. Бір қызығы, команданың мүшелері (жастары 18 бен 22 арасында) түрлі салада істейді: Париждегі Аirbus компаниясының менеджерлері, тері-киім ательелерінің жұмысшылары, құрылыс инженерлері, студенттер, т.б.
 
Команданы бастап келген Ережеп Дагделеннің айтуынша, Парижде бүгінде 260 қазақ жанұясы (1800-дей адам) бар. Барлығы да бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста. "Жастар үйленсе беташар жасаймыз, ет асамыз, барлық қазақы салт-дәстүрді сақтауға тырысамыз. Білесіздер, Еуропа қазақтары кіші құрылтай жасап, бас қосып тұрамыз. Осы құрылтай аясында би кештері ұйымдастырылады. Мұндағы мақсат, қазақ жастары бір-бірімен жақынырақ танысып, шаңырақ құрсын деген ниет", – дейді Ережеп мырза.
 
Еске сала кетсек, Франциядан келген қонақтар Оңтүстікке жасаған сапары барысында Отырар мұражайы мен Арыстанбаб кесенесіне, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат жасады. Сондай-ақ Шымкенттің "Ордабасы" футбол командасының қосалқы құрамымен жолдастық (есеп 2:2) кездесу өткізді. Бүгін кешқұрым "Paris Kazak spor" командасы Алматыға жол тартты. Астана, Қарағанды, Шымкент қалаларында болған қонақтар Алматыда екі күн сапарлап, Парижге аттанады.
 
"Шымкент келбеті"
Последнее изменение Пятница, 19 Июнь 2015 10:57
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.