Қасиеттi Рамазан айы мүбәрак болсын! Избранное

Пятница, 19 Июнь 2015 09:02 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3825 раз
777777777777888888888888Он екі айдың сұлтаны, қасиетті де берекелі Рамазан айы басталды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкілдігі баспасөз мәслихатын өткізіп, облыс имамы Ахметжан қажы Керімбек, өкіл имамның орынбасары Мұхамеджан Естеміров, Шымкент қалалық А.Қаттани мешітінің бас имамы Бағдәулет Абдрахманов сансыз сауапқа толы Рамазан айы жайлы әңгімелеп, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
 
Қала тұрғындарының Оразаға байланысты сауалдары болса 45-33-48 (облыстық мешіт), 53-99-19 (қалалық мешіт) сенім телефондары арқылы абарласып немесе www.oko-meshit.kz сайты арқылы жауап алуға болатынын жеткізді. Бес парыздың бірі – Ораза ұстауға, ал денсаулығына, іссапарға байланысты Ораза ұстай алмаған азаматтарды сағат 22.30-да мешіттерге келіп, Тарауих намазын оқуға, мешіт асханаларында ауызашар беруге шақырды.
 
Былтыр 79 мешітте Құран Қатым түсірілсе, биыл одан көп мешітте Құран Қатым түсіріледі деп жоспарлануда. Өкіл имамның орынбасары Мұхамеджан Естеміровтың айтуынша, облыс бойынша үш мыңнан астам көпбалалы, жағдайы төмен отбасына қайырымдылық шаралары арқылы түрлі көмек көрсету ұйымдастырылады.
 
 
Последнее изменение Пятница, 19 Июнь 2015 09:10
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.