Шымкенттiк басылымдардан үйренерiмiз көп Избранное

Пятница, 26 Июнь 2015 08:50 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2875 раз
45466546654645555555555555555555Ілгеріде Алматы қаласы еліміз бойынша БАҚ көп шоғырланған аймақ болып келгені белгілі. Ал, қазіргі кезде Шымкент аталған қаламен иық тірестіретін жағдайға жетіп қалды.
 
Ашығын айтқанда республикада тіркелген БАҚ жағынан Шымкент бірінші орында тұр. Әйтсе де, бәскеге қабілетті болу жағынан шымкенттік БАҚ-тан үйренер тұстарымыз көп-ақ. Белгілі журналиcт Қуат Әуесбайдың айтуынша, қазіргі кезде газет шығарудың пайдасынан шығыны көп. Ал, біздің оңтүстіктің азаматтары бұл қиыншылықтарға қарамастан газет-журнал шығарып жатыр. Оны жақсы жолға қойған. Кейбір басылымдардың таралымдары 5-10 мың, тіпті 15 мыңға дейін жететіндері де бар. Аталған басылымдарға осыншама халық жазылып оқып жатса яғни, оған деген сұраныстың болғандығы. Сондықтан да өзге өңірдегі журналистер газет шығарып, тарату жағынан шымкенттік басылымдардан үйренері көп.
 
Жалпы, Оңтүстік Қазақстан облысында жергілікті билік пен бұқаралық ақпарат құралдарының арасында ашық диалог орнату мәселесі оңды жолға қойылған. Осы мақсатта, облыс әкімдігі ғимаратында «Оңтүстік ақпарат» баспасөз орталығы жұмыс жасауда. Бұл облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың бастамасымен Елбасының жуырда жарияланған бес инстуционалдық реформасының негізінде жасалған «100 нақты қадам»  бойынша қолға алынған шара.  Алдағы уақытта осында өтетін баспасөз мәслихаттары мен брифингтерді онлайн режимде Қазақстан Республикасының президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі өткізетін брифингтерге тікелей қосу қарастырылуда.
 
Өз кезегінде, байланыс және ақпарат қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтай отырып, әріптестеріме сәттілік тілегім келеді.
 
Берік ҚҰРМАНҒАЛИ,
Облыстық ішкі саясат және дін істері
басқармасының басшысы
Последнее изменение Пятница, 26 Июнь 2015 09:13
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.