Қоғамдық көліктерге электронды билет жүйесі енгізілуі мүмкін

Пятница, 26 Июнь 2015 09:31 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3372 раз
sfbdfbdbdfbdfdffffffffffffffffffffffШымкент қалалық жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімінің басшылығы «Оңтүстік» ақпарат орталығында БАҚ өкілдеріне соңғы бес айда атқарған жұмыстары бойынша есеп берді.
 
Еліміздегі үшінші мегаполис атанған Шымкент қаласында бүгінде 1246 қоғамдық көлік 83 бағытта жолаушыларға қызмет көрсетеді. Жалпы қалада жолаушылар тасымалдайтын 32 компания бар.
 
– Қоғамдық көліктердің басты міндеті – жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасау. Десек те, тәртіпке бағынбай, халыққа сапасыз қызмет көрсеткен 10-ға жуық көлік компанияларымен биыл келісім-шарт бұзылды, – деді Шымкент қалалық жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жарқын Байдуллаев.
 
Маманның айтуынша, бүгінде қаладағы қоғамдық көліктерде Ұлы Отан соғысының ардагерлері, зағип жандар мен оларды ертіп жүретін бір азамат тегін жүре алады.  Сондай-ақ, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелеріне де жеңілдіктер қарастырылған. Қала әкімдігі мен компания басшылығының өзара жасаған меморандумына сәйкес, көпбалалы аналар қоғамдық қызметте ақысыз жүруіне болады. Ал, бір айға берілетін жол жүру билеті туралы мамандар былайшы пікір білдірді.
 
–  Бұған дейін қаламызда жол жүру билеттері болған. Өкінішке қарай, жалған билеттердің көбейіп кету салдарынан тасымалдаушы компаниялар шығынға батты. Сөйтіп, ол билеттер компания өкілдерінің арызымен алып тасталған болатын. Десе де, қазіргі таңда Шымкентте мемлекеттің қолдауы негізінде муниципалды парк ашу бойынша инвесторлармен келіссөздер жүріп жатыр. Осы жоспар биыл жүзеге асса, жол жүру билеттерін қайта қалпына келтіреміз, – дейді бөлімнің сектор меңгерушісі Наурыз Сүгірәлиев.
 
Жиында сала мамандары жолаушылар тарапынан келетін сын-ескертпелерден қорытынды шығарылып, олқылықтар түзеліп отыратынын айтып өтті. «Егер қоғамдық көліктерде тәртіп бұзылған жағдайда жолаушылар қала әкімдігіне қарасты 43-30-27 сенім телефонына хабарласып, өз арыз-шағымдарын жеткізуіне болады» дейді олар.
 
Сондай-ақ, брифингте инвесторлардың көмегімен алдағы уақытта қаладағы қоғамдықкөліктердің сапасын жақсарту үшін электронды билетжүйесіне көшуі мүмкін екендігі айтылды.
 
– Биыл Шымкент қаласы жолаушыларға қызмет көрсететін 200 жаңа автобуспен толықты.  Газбен жүретін ол автобустар экологиялық жағынан өте тиімді. Олардың қатарын биыл да көбейтуді жоспарлап отырмыз. Электронды билетжүйесіне келсек, ол Түркияда, Әзірбайжанда кеңінен қолданылады. Қазір сол жақтағы мамандармен келіссөз жүргізіп жатырмыз, – деді Ж. Байдуллаев.
 
Сәбит ТАСТАНБЕК


Последнее изменение Пятница, 26 Июнь 2015 09:35
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.