Комиссияның кезектi отырысы өттi

Пятница, 26 Июнь 2015 09:35 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3286 раз
Шымкент қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысты қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай жүргізіп отырды.
 
Мәжілістің күн тәртібінде Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Естебек Шардарбеков ауданның 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысына тоқталды. Әл-Фараби аудандық әділет басқармасының берген мәліметіне сүйенсек, былтыр ауданда 465 жас отау құрса, оның 115-і жыл өтпей жатып ажырасуға өтініш берген. Гендерлік саясатты насихаттау, зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасындағы жастар тәрбиесі туралы басқосуға жиналғандар өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.
 
Сондай-ақ, басқосуда облыстық онкологиялық диспансері маммология бөлімінің меңгерушісі Қазыбек Сыздықов әйелдер арасында сүт безі дерті дендеп бара жатқанын айтты. Негізгі себептеріне тоқталып, алдын алудың жолдарын түсіндірді.
 
– Бізде көп әйелдер дертінің қандай қатерлі екенін біле тұра, ауруханаларға келіп ем қабылдамайды. Асқындырып алады. Дер кезінде емделуге келсе, талай қатердің алдын алар едік. Қазір онкологиялық ауруларды емдеуге мемлекеттен барлық жағдай қарастырылған, – дейді Қазыбек Сыздықов. Комиссия мүшелері талқыланған мәселелерге қатысты өз ой-пікірлерін білдіріп, БАҚ беттерінде жиірек көтеру керек деп тарқасты. 
 
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.