Шымкент қаласының әкімдігі БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады Избранное

Понедельник, 29 Июнь 2015 04:42 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 6516 раз
Журналистер күні қарсаңында Шымкентте билік пен халық арасындағы алтын көпір саналатын БАҚ өкілдеріне арналған салтанатты жиын өтті.Қоғамның барлық саласындағы жаңалықтың жаршысы болып жүрген журналистер қауымын Дархан Сатыбалды бастаған басшылық құрам құттықтады. Жиын қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртайдың лебізімен ашылды.
iiiiiiii55555555Мерекелік шарада сөз алған қала әкімінің орынбасары шаһардың тыныс-тіршілігі мен қала әкімдігінің жұмысын халыққа жеткізіп жүрген БАҚ өкілдеріне деген ыстық ықыласын жеткізді.
 
– Құрметті байланыс және ақпарат саласының қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке барлық БАҚ өкілдерін – журналистерді, баспагерлерді, байланысшыларды, телеарна мен радио, интернет байланыс қызметкерлерін біріктіреді. Журналистика – қоғам айнасы деген сөз бар. Тәулік бойы үздіксіз телерадио хабарын тарату, сонымен қатар мерзімді басылымдардың уақытылы шығару жұмысы үлкен жауапкершілікті, қажырлылықты талап етеді. Сіздерге қаламыздың дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғысымды айтамын және алдағы уақытта да сәттіліктер тілеймін, – деді Қ. Нұртай.
iiiiiiii6666666Салтанатты шарада қала әкімдігі шаһардың өсіп-өркенеуіне қосқан үлесі үшін бірқатар БАҚ өкілдеріне арнайы төсбелгіні табыс етті. Сондай-ақ, Алғыс хат пен бағалы сыйлықтарды табыстады. Марапатталғандар арасында қалалық қос басылым "Шымкент келбеті" және "Панорама Шымкента" газеттерінің журналистері де болды.
 
«Шымкент келбеті»
Последнее изменение Понедельник, 29 Июнь 2015 04:49
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.