ОҚО әкімі үздік журналистерді марапаттады

Понедельник, 29 Июнь 2015 04:49 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3181 раз
 dsc464599999999999999999928 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні. Айтулы мереке қарсаңында облыс әкімі А.Мырзахметов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, үздік журналистерді марапаттады. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
 
Мерекелік шарада облыс әкімінің Грамотасымен «Южный Казахстан» газетінің тілшісі − Л.Ковалева, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі − Ш.Орынбай, «ЭкспрессК» газетінің меншікті тілшісі − И.Галушко, «Қазақстан-Шымкент» теларнасының редакторы − Н. Алимбаев, облыс әкімі аппараты баспасөз қызметінің бас маманы − Е.Бабаев марапатталса, Алғыс хатпен «Central Asia MONITOR» газетінің меншікті тілшісі − Р.Юнусова, «1-Еуразия» телеарнасының меншікті тілшісі − П.Билалбеков, «Литер» газетінің меншікті тілшісі − Ю.Елисеев, «Қазақ» радиосының меншікті тілшісі − Е.Әмірбек, Шардара ауданы әкімінің баспасөз хатшысы − Ә.Әбдіраманов, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық иститутының баспасөз хатшысы − Л.Жорабекова марапатталды.
 
Облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасы бұқаралық ақпарат құралдарындағы үздік жариялымдар номинациялары бойынша конкурс жариялаған болатын. Оның қорытындысы осы салтанатты шарада жарияланып, үздік деп танылған шығармашылық ұжымдары мен журналистер марапатталды. Сонымен, жүлде қоры 1 млн. теңге болатын «Үздік телеарна» және «Үздік басылым» номинацияларына «Қазақстан-Шымкент» телеарнасы мен «Оңтүстік Қазақстан» және «Южный Казахстан» газеттерінің ұжымдары лайық деп танылды. Жекелеген журналистер арасында «Алтын микрофон» номинациясын «Отырар» телеарнасының бас редакторы З.Оралбаева алса, «Алтын қауырсын» номинациясын «Панорама Шымкента» газетінің жауапты хатшысы А.Хамзина иеленді. Ал, республикалық телеарналар арасында «Ең үздік аймақ тілшісі» номинациясы «Қазақстан» ұлттық телеарнасының облыстағы меншікті тілшісі Ғ.Қалмахан мен «24 kz» телеарнасының облыстағы меншікті тілшісі Қ.Жүнісбековке табысталса, республикалық басылымдар арасында «Ең үздік аймақ тілшісі» номинациясын «Егемен Қазақстан» газетінің облыстағы тілшісі Б.Тайжанов пен «Казахстанская правда» газетінің облыстағы тілшісі Л.Доброталар иеленді. Үздік журналистердің әрқайсысына 500 мың теңге көлеміндегі қаржылай сертификат табысталды. Айта кетерлігі, бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы 236 бұқаралық ақпарат құралдары бар. Олардың 175-сі газет, 37-сі журнал болса, 12 телеарна, үш радио және тоғыз интернет ресурс халыққа жылдам әрі толымды ақпарат таратуда. Облыс әкімінің мерекелік жиынында облыстың әлеуметтік-эканомикалық дамуы мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын кеңінен насихаттаған жетпіске жуық БАҚ өкілдері марапатталды.
 
 
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.