Бесінші шақырылған Шымкент қалалық мәслихатының кезекті қырық жетінші сессиясы өтті Избранное

Вторник, 30 Июнь 2015 06:59 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3276 раз
apparat-akima"Нұр Отан" партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б. Төлегеновтың төрағалығымен өткен сессия отырысына қала әкімі Д. Сатыбалды, қалалық мәслихат хатшысы Н. Бекназаров және бөлім басшылары мен сала жетекшілері қатысты.
 
Сессия шеңберінде №19 сайлау округінен сайланған Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Н. К. Егізбаев депутат мандатын алды, оған төс белгісі мен депутат куәлігі берілді.
 
Депутаттар сессияда Шымкент қаласының 2014 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есебін тыңдады, онда қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова сөз сөйледі.
 
– Өткен жылы қаланың экономикалық-әлеуметтік дамуы бойынша шаһардың өнеркәсіп өндірісінің көлемі 104 пайызға, негізгі инвестициялық капиталымыз 129 пайызға өсті. Сондай-ақ, іске қосылған тұрғын үй 101 пайызды, тіркелген кәсіпкерлік субьектілер саны 117 пайызды, ал бөлшек сауда айналымы 121 пайызды көрсетті, – деп атап өтті қала әкімінің орынбасары.
 
Г. Құрманбекованың айтуынша, өзіндік кірістердің орындалуы бойынша жылдық жоспар 38 миллиард 991 миллион теңге болса, жылдың соңында 39 миллиард 334 милион теңгені құрап,  343 миллион теңгеге артқан.
 
Күн тәртібінде жалпы саны 15 мәселе қаралды. Сессия қорытындысында қаралған мәселелер депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тауып, шешім қабылданды.
 
«Шымкент келбеті»
Последнее изменение Вторник, 30 Июнь 2015 07:04
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.