С. Драпич: "Ордабасыда" тәжірибелі әрі бойшаң ойыншылар жетерлік" Избранное

Среда, 01 Июль 2015 10:40 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3804 раз
2 шілде күні футболдан УЕФА Еуропа лигасының iрiктеу кезеңi аясында Шымкенттің «Ордабасы» командасы өз алаңында Израильдiң «Бейтар» командасын қабылдайды. Осыған орай бүгін «Rixos Khadisha Shymkent» қонақүйінде команда бапкерлерінің қатысуымен баспасөз мәжілісі өтті.  
 
Айта кету керек, шымкенттік командаға қарсылас атанған «Бейтар» командасы 1936 жылы құрылған. Бұл команда Израильдің 6 дүркін жеңімпазы, 7 мәрте ел кубогының иегері.
22222222222222222222333333333Маңызды матч алдында сөз алған «Бейтар»-дың бас бапкері Слобадан Драпич екі команданың да әлеуеті шамалас екенін айтты. Сондай-ақ ол өз сөзінде шәкірттерінің ұпай олжалау үшін бар күштерін салатынын жеткізді.
 
– Біз дайындықты 2 апта бұрын ғана бастадық. Ал, сіздерде қазір ішкі чемпионаттың нағыз қызған шағы. Сондықтан да «Ордабасының» ойыншылары нағыз бабында деп айтуға болады. Жалпы, шымкенттік командада тәжірибелі әрі бойшаң ойыншылар жетерлік. Дегенмен, біз де қарап қалмаймыз, жеңіс үшін жанымызды саламыз, – деді бас бапкер С. Драпич.
 
Ойынға қатысты өз пікірін білдірген команда капитаны Душан Матович болса, қарсылас командамен өтетін матчтың оңайға соқпайтынын жасырмады. Сербиялық қорғаушы сонымен бірге команда сапындағы А. Симчевич пен А. Гейнрихтың шеберліктерін жоғары бағалайтынын да айтып өтті.
 
Бұдан соң баспасөз мәжілісіне «Ордабасының» бас бапкері Виктор Кумыков пен команданың үздік ойыншыларының бірі Азат Нұрғалиев келіп, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.
77711111111– Қарсыласымыздың ойын өрнегі төмен деп айта алмаймын. Командада жергілікті футболшылардан бөлек тәжірибелі легионерлер де бар. Дегенмен, біз де өз тактикамызды пысықтап алдық. Бастысы, командамызда ешқандай алаңдатарлық жағдай жоқ. Өз алаңымызда өтетін алғашқы іріктеу ойыны болғандықтан бізге жеңіс ауадай қажет, – деді В. Кумыков.
 
Команданы алға сүйреп жүрген Азат Нұрғалиев бас бапкердің сөзін қолдай отырып, «Ордабасы» құрамындағы кейбір әріптестерінің ауыз бекітіп, ораза ұстаса да, жоғары деңгейде ойын көрсететінін айтты. «Әрине, ертеңгі ойын біз үшін үлкен жауапкершілікті талап етеді. Команда сапындағы бәріміз де мұны жақсы сезінеміз. Сондықтан жанкүйерлер алдында жеңіске жету үшін намысты қолдан бермейміз», – деді ол.
 
Естеріңізге сала кетейік, «Ордабасы» мен  «Бейтар» арасындағы ойын ертең Шымкенттегi Қажымұқан атындағы орталық стадионда Астана уақытымен сағат 18.00-де басталады. Қос команда арасындағы матчқа молдавалық төрешілер қазылық етеді. Бас төреші Дмитрий Мунтян болса, оған қапталдағы отандастары Денис Борисов, Андрей Бодян және Юрий Ковтун көмектеседі. Қарымта матч 9 шілде күні Израильде өтеді.
 
С. ТАСТАНБЕК,
С. САПАРБЕКОВ (фото)
Последнее изменение Среда, 01 Июль 2015 11:37
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.