Тұрғындар қауіпсіз орынға көшiрiлдi Избранное

Среда, 13 Январь 2016 06:02 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3703 раз

Жақында «Оңтүстiк» шағынауданындағы (Чапаевка) Деповская көшесі №21 үйдің ауласында кәрiз коллекторы жарылған болатын. Салдарынан жер опырылып, диаметрi 2х2 метрдi құрайтын шұңқырлар пайда болған. Осы оқиғаға байланысты Шымкент қаласы әкiмiнiң орынбасары Б.Жанбосынов пен қалалық төтенше жағдайлар басқармасы басшысының орынбасары Е.Сарыбаев БАҚ өкiлдерiн жинап, брифинг ұйымдастырды.

11204867 1685633768349650 5360970039281370383 n– 1964 жылы салынған бұл коллектордың тозығы әбден жеткен болатын. Оның үстіне толассыз жауған нөсер жауын да әсер етті. Төтенше жағдай хабарланғаннан кейін арнайы мамандар дереу іске кірісті. Шұңқырлар бекітіліп, екi отбасы басқа жаққа көшiрiлдi. Сондай-ақ, Шымкент қаласы әкiмдiгiнде төтенше жағдайдың алдын алу мәселесi бойынша комиссия отырысы өткiзiлiп, тиісті шешiм қабылданды. Ешкім зардап шеккен жоқ, – дедi Б. Жанбосынов.
Айта кетейік, жедел құрылған комиссия аталған аумақтың оң жақ бөлiгiндегi 115 нысан орналасқанын, оның 70-i санитарлық қорғаныс аймағын бұзғанын анықтаған. 24-i тұрғын үй. Ал, сол жақ бөлігінде 90 нысанның 50-і санитарлық қорғаныс аймақты бұзған. Оның 20-ы тұрғын үй.
Брифингте Б.Жанбосынов қаладағы 250 шақырымдық кәрiз жүйесі мен 728 шақырымдық су жүйесін күрделi жөндеуден өткiзу керектігін, бұл жұмыстар кезең-кезеңiмен іске асып, 2029 жылы ғана толық аяқталатынын жеткізді.