×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Жаңа тариф қызмет көрсету сапасын жақсарта ма? Избранное

Среда, 13 Январь 2016 05:56 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4364 раз

Жыл басында еліміздің әр аймағында коммуналдық қызметтердің жаңа тарифі енгізілді. Бұл өзгеріс Шымкент тұрғындарын да айналып өткен жоқ. Қызмет көрсету сапасын жақсартуда жаңа мүмкіндіктерді қарастырған монополист кәсіпорындар су мен электр энергиясы тарифтерін біршама қымбаттатты.

zhana tarif shymkentКоммуналдық қызмет түрлерін жетілдіру, тозығы жеткен инфрақұрылымдық жүйелерін жаңарту, тұрғындарға қызмет көрсету аясын кеңейту – уақыт талабынан туындаған қажеттілік. ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау комитетi ОҚО департаментiнiң басшысы Бақтияр Аталықов су бағасы 11 пайызға көтерілгенін атап өтті. Яғни, тарифтiк бағам бойынша қосымша құн салығын (ҚҚС) қоса есептегенде, шымкенттік тұрғындар судың бір шаршы метріне 59,36 теңге төлейтін болады. Бюджет ұйымдары үшін су құны 264,72 теңгені құрады. Коммерциялық құрылымдарға тариф 205,35 теңге болып өзгерді. Электр энергиясының тарифінде де өзгерістер орын алды. Тариф құны жеке тұлғалар үшін 14,84 теңгені құрап, 6 пайызға өскен. Сондай-ақ, заңды тұлғалар үшін бекітілген тариф 24,88 теңгені құрап, бұған дейінгі бағамен салыстырғанда 14,1 пайызға артқан.
– Энергетикалық қауіпсіздік бүгінде ең өзекті мәселе десек, желілердегі эн­ер­гия шығындарын азайту үшін электр және жылу жүйелерін жаңалау едәуір шы­­ғынды құрайды. Бұл бағытта, электр энергиясы бағасының өсуi «Евразия энергетика комитетi» мен «3-Энергоорталық» акционерлiк қоғамдары, жарықты тұтынушыға жеткiзiп берушi «KEGOK» АҚ, «ОңтүстiкЖарықТранзит» ЖШС-i ұсынған бағадан шығып отыр, – дейді жауапты сала басшысы.
Өзге коммуналдық қызмет салаларында да айтарлықтай өзгерістер байқалады. Яғни, табиғи газдың әр текше метрі жеке тұлғалар мен жылу берушi кәсiпорындар үшін 29290,74 теңге (2%-ға өскен), заңды тұлғалар үшін 31615,96 (5,64%-ға өскен) теңгені құрады. Ал, есептегiш құралы жоқтар әр адам басына 289,68 (11%-ға өскен) теңгеден төлейтін болады. Сондай-ақ, кәрiз жүйесiне қолданған су үшiн әр текше метріне жеке тұлғалар мен жылу берушi кәсiпорын 23,44 теңге (10,98%-ға өскен), бюджеттiк мекемелер 134,96 теңге (11%-ға өскен) төлеуіне тура келеді.

 

Последнее изменение Среда, 13 Январь 2016 06:02