Сіз сайлауға қатысасыз ба?

Среда, 10 Февраль 2016 07:01 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 6103 раз

«Бiрлiгiмiз бен татулығымызға көңiл бөлсек»

bauyrzhan aitenovБауыржан АЙГЕНЖЕЕВ,
«Экошина» ЖШС-нің басшысы:

– Бұл сайлау дағдарысқа қарсы шаралар қарсаңында өтіп жатқандықтан маңызы жоғары. Елдегі саяси науқанға барша ел тұрғындары үн қосып, атсалысуы керек. Қазір бос сөздің емес, жұмыстың уақыты. Халықтың қамын ойлайтын азаматтар сайланса, көпшілік риза болар еді. Мемлекетшіл азаматтар көптеп керек бүгінгі жағдайда. Елбасы әлемді алаңдатып отырған сын-қатерлердің бетін бүркемелемей ашығын айтты. Бұл сынқатерлердің алдын алу үшін бірлігімізді бекемдейік, татулығымыз бен тұрақтылығымызға көңіл бөлейік. «Нұр Отан» партиясы сайлауалды тұғырнамасының «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» деп аталуы да сондықтан болса керек. Әлемдік қаржы дағдарысы, жер-жерде болып жатқан қарулы қақтығыстар бізді бұрынғыдан да біріктіріп, ұйымшыл ете түседі.

 

«Биыл да сайлауға белсендi түрде қатысамын»

ermek baiduashevЕрмек БАЙДУАШЕВ,
Шымкент қалалық «Спорт сарайы»
ЖШС-нің директоры:

– Дағдарыс кезінде сайлаудың өткені дұрыс деп ойлаймын. Меніңше, депутаттыққа мықты-мықты кәсіпкерлер сайланса құба-құп. Мәжіліске, облыс, аудан, қала мәслихаттарына көбірек кәсіпкерлер барса, олардың халыққа пайдасы көп тиер еді. 
Елде жақсы жұмыстар атқарылып жатыр. Мемлекетімізді әлем танып, экономикалық әлеуетіміз арта түсуде. Еліміз өркендеу жолымен келе жатыр. Біз қолда барды бағалай білуге міндеттіміз. 
Өзім ҚР Президент және Парламент мәжілісін сайлау науқандарынан шет қалған емеспін. Былтыр ҚР Президенті сайлауында шетелде жүрсем де азаматтық міндетімді атқардым. Биыл да сайлауға белсенді түрде қатысамын.

 

«Сайлауда дауыс беру – азаматтық парыз»

aigul alisherАйгүл Әлішер,
«Жастар ресурстық орталығы»
КММ-нің мәдени ұйымдастырушысы:

– Сайлауға міндетті түрде қатысамын. Еліміздің болашағына, дамуына қатысты маңызды шараға қатысу – әрбір азаматтың парызы деп ойлаймын. Ал өзім сайлауға биыл бірінші рет қатысқалы отырмын. Ата-анам, аға-әпкелерім дауыс беруге бара жатқанда оларға қызыға қараушы едім. Енді өзім тіркелген учаскеге бірінші барғым келеді. Және де туыстарымның, достарымның сайлауға барып, дауыс беріп, белсенділік танытқандарын қалаймын.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.