Жаңа жүйе сынақтан өткiзiлдi

Пятница, 12 Февраль 2016 06:32 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4034 раз

Қаратау ауданы аумағында жер сілкінісі секілді кез келген төтенше жағдай кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орнатылған «Вестник» жаңа құлақтандыру жүйесі сынақтан өткізілді.

1111Құлақтандыру жүйесі Қаратау ауданындағы 7 нысанда, атап айтсақ, №57, 72, 83, 87 жалпы орта мектептері мен Шымкент аграрлық колледжінде, «Достық-1» шағын ауданындағы өрт сөндіру бөлімінде, сондай-ақ, облыстық әкімшілік ғимаратында орнатылған. Аталмыш жүйенің ерекшелігі сол, 4 балдық жер сілкінісі орын алған жағдайда немесе кез келген оқыс төтенше жағдай кезінде аталған жүйе автоматты түрде іске қосылып, жергілікті халыққа жасайтын іс әрекеттер тәртібі туралы ауызша ақпаратты жеткізе бастайды. Сол уақытта арақашықтыққа қарамастан, трансляция жасайтын модульдерге «Баршаның назарына!» дыбысты сиренасы іске қосылып, ауызша командалар беріледі. Бір модульмен таратылатын дыбысты сиренаның көлемі 12 шаршы шақырымға дейін, ауызша ақпарат 7 шаршы шақырымға дейін жетеді. Азаматтық қорғау органдарынан тұрғылықты халыққа дыбыс арқылы және ауызша ақпаратты тәулік бойы және уақытылы жеткізу – осы жүйенің негізгі міндеті болып табылады. Бұл жүйенің күн сәулесі батареясын қоса, автономды қуатымен сейсмикалық ден қою құрылғысы бар. Мамандар жаңа «Вестник» дабыл белгісінің санын болашақта тағы 500-ге көбейтуді жоспарлап отыр. Шаһар көлемінің ұлғайып, қауіпсіздік жұмыстарының жүйеленіп келе жатқанының нәтижесінде қолға алынып жатқан жұмыстар қала мен аудандарда ай сайын тексеріледі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.