×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Тәртiп сақшыларының сенiмдi серiктерi

Пятница, 05 Август 2016 06:23 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5436 раз

КИНОЛОГ МАМАНДАР ҚЫЗМЕТТІК ИТТЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУДЕ

Қала тыныштығы, тұрғындардың қауіпсіздігі, қылмыскерлерді құрықтау, заңсыздықты анықтау... Аталған ауқымды міндеттерді атқару барысында ҚР Ұлттық гвардиясы сарбаздарына үлкен жауапкершілік жүктеледі. Мұндайда тәртіп сақшыларына төрт аяқты жануардың көрсетер жәрдемі маңызды рөл атқарады. Себебі, есірткі мен жарылғыш заттарды табуда қызметтік иісшіл иттердің нәтижесі жоғары бағаға ие болуда.

IMG 0030

Нақ осы күндері ҚР Ұлттық гвардиясының 66/98 әскери бөлімінің Төлеби ауданы аумағындағы кинология қалашығында кинолог-мамандардың дәстүрлі республикалық сайысы өтуде. Яғни, бұл – командалық сынның екінші кезеңі аталады. Өңірлік іріктеу сынында ОҚО, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан келген барлығы 9 команда өз арасынан «шын мықтыны» анықтамақ. Мұнда жеңімпаз атанған команда қыркүйек айында Алматыда өтетін республикалық қорытынды кезеңде бағын сынауға мүмкіндік алады.

3 күнге созылатын сайыс барысында қызметтік иттер негізінен, 4 сынақтан өтеді: есірткі іздеу, жарылғыш заттарды анықтау, із кесу және одорология. Жарысқа қатысушылардың арасында иіс сезу қабілеті жоғары – бельгиялық және неміс овчаркалары, лабрадор-ретривер, спаниель тұқымдас иттердің түр-түрін кезіктіруге болады. Өз кезегінде, кинолог-мамандар өзі дайындаған қызметтік иттердің иіс сезу қабілетін іс барысында тиімді пайдалануға мүдделілік танытуда.

IMG 0049

– Ит – қызметтегі ең сенімді серігің. Онымен жұмыс істеу үшін тіл табыса білуің керек. Өйткені, жан-жақты дайындықтан өткен кинолог мамандар ғана қылмыстың ашылуына септігін тигізеді. Ит иіс сезу арқылы бізге қару-жарақты, жарылғыш заттарды және есірткі құралдарын анықтау мен іздестіру кезінде көмектеседі. Оларды баптау мен үйрету жүйесіне үнемі үлкен күш жұмсалады, – дейді жарысқа «Барон» атты қызметтік итті дайындап әкелген 65/06 әскери бөлімінің сарбазы Нұржан Абдуллаев.

5 жылдан бері кинология саласын жетік меңгерген тәжірибелі маман бүгінде жоғары жетістіктерімен де танылып үлгеріпті. 2014 жылы өңірлік сында облыс командасының сапында бас жүлдеге иелік еткен ол, республикалық қорытынды кезеңде бақ сынауға да мүмкіндік алыпты. Бұл жолғы жарысқа 1 жасар неміс овчаркасын 2 ай уақыт бойы арнайы дайындаған. Бұйыртса, командалық есепте жоғары нәтижеден үміт етуде. 

IMG 0035

Жарыстың ашылу рәсіміне арнайы қатысқан «Төлеби аудандық №2 балалар үйінің» тәрбиеленушілері де саланың өзіндік қызығы мен қиындықтарын сезініп, танысуға мүмкіндік алды. Арман-мұраты биік жасөскіндер келешекте кинолог-маман атануға бейілді екендігін де жасырмады.

Алғашқы сынақ бойынша иісшіл иттер түрлі қораптардың ішіне жасырынған есірткі затын табуға кірісті. Қаз-қатар қойылған жәшіктердің арасынан есірткіге ұқсас затты жаңылмай табу әрине, оңай тапсырма емес. «Жәшіктерде жасырынған зат – есірткі емес. Онда тек марихуана тектес есірткінің мыңнан бір бөлігіне татитын иіс қана бар. Осындай кішігірім үлесін тауып үйренген иісшіл иттер күні ертең түрлі есірткі заттарын қиналмай табатын болады», – дейді мамандар. 

IMG 0073Сонымен, сынаққа қосылған иттер өзге қораптардың қасынан жай ғана иіскеп өтіп кеткенімен, жасырынған заты бар қорапқа жеткен кезде иесіне белгі бере бастады. 

– Жарыстың көздеген мақсаты – қиын да жауапты жедел-іздестіру іс-шараларына қатысушы үздік кинологтар мен иттер резервін қалыптастыру. Жарыс барысында кинологтардың кәсіби деңгейі және есірткі құралдарын іздеуге дайындалған қызметтік-іздестіру иттерінің дайындық деңгейі бағаланады. Сондай-ақ, автокөлікте, ғимаратта, жүкте, өзге де орындарда есірткі құралдарын іздеу және анықтау бойынша дағдылар сарапқа салынады, – дейді жарыстың бас төрешісі, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының кинологиялық әскери қызметі басқармасының басшысы, майор-полковник Максим Попов.

Мамандардың айтуынша, бүгінде республиканың әр облысында кинологиялық қызмет орталықтары құрылған. Тіпті, арнайы кинология қалашықтары дайындалған. «Онда дайындалатын иттердің иісшілдігі ерекше дамыған және жаттықтыруға тез бейім», – дейді кинологтар. Бір ғажабы, иттер қажет иісті 5 жыл көлемінде ұмытпайтын көрінеді.

Последнее изменение Суббота, 06 Август 2016 12:15