ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде «Тәуелсіздік жетістіктері» туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ә. Темірбаева брифинг берді.
Оның айтуынша, Тәуелсіздік алғаннан кейін облыс халқының саны артып, әлеуметтік жағдайы жыл сайын жақсарып келген. Сонымен қатар, осы уақыт аралығында облыста 402 мың жаңа жұмыс орындары құрылған. Нәтижесінде, жұмыспен қамтылған халықтың саны 60%-ға өсіп, жұмыссыздық деңгейі 14,3 пайыздан 5,2 пайызға дейін төмендеген.