Әрбір тұрғын бір ағаш отырғызса... Избранное

Среда, 16 Ноябрь 2016 06:08 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3953 раз

Өңір басшысының тапсырмасына орай Шымкентті жасыл желекке айналдыру жұмыстары бұрынғыдан да жандана түсті. Шымкент қаласы, Жандарбеков көшесінің бойындағы гүлзар қайта жөндеуден өтіп, ел игілігіне берілді. Жаңа нысанның ашылуына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов тұрғындардын қуанышына ортақтасып, шырша, емен ағашын отырғызды.

5826fad009a8a

Нысанның құрылысы тамыз айында басталып, межелі мерзімде аяқталып отыр. Жалпы аумағы 1 гектардан асатын демалыс орнының құрылыс-жөндеу жұмыстарына 58,4 млн теңге бөлінген. Мұнда жолаяқтарды жөндеу, қоқыс жəшіктерін, жарықтандыру бағаналарын орнату, көгал төсеу, ағаштар отырғызу жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге, субұрқақтар да қайта іске қосылды. 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өткен іс-шарада өңір басшысы жақсы бастама көтерді: Мерейлі мерекеге дейін әрбір қала тұрғыны бір көшеттен отырғызса, оны күтіп-баптап, қамқорлық танытса...

15037358 1817677581811934 8677346248128029550 n47

Расында, әрбіріміз туған қаламызды көркейтуге үлес қосуымыз керек. 

– Осы бастамамен жұмыс істейік. Әрбір үйдің тұрғындары өз аулаларын абаттандыруға көңіл бөлсін. 25 жылдық мерекеге дейін әрқайсысы бір ағаш отырғызуға уақыт табады деп ойлаймын. Үлкендер жастарға тазалық жөнінде үнемі айтып отыруы керек. Шетелдегі жағдайды өзімізде жасайық, – деді Ж. Түймебаев. 

5826fae0dfbb2

67 жастағы Бегімжан Нысанбеков 18 жылдан бері осы шағынауданда тұрады. Облыс, қала басшыларының игілікті ісіне өз ризашылығын білдірді. Күні-түні немерелерін ертіп, осы маңда серуендейді. Түнде гүлзар аумағы сүттей жарық. «Қаланың көркін арттырған гүлзарды күтіп ұстау өзімізге байланысты. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекесіне жақсы сый болды. Өңір басшысының ұсынысын қолдаймыз» дейді өзі. 

Іс-шара барысында қосымша 17 қарағай және 2 емен ағашы отырғызылды.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.