×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Пилоттық жоба тәртібімен реттеледі Избранное

Среда, 24 Май 2017 05:20 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5214 раз

Шымкентте дауларды медиация тәртібімен реттеу бағытында пилоттық жоба жүзеге асырылады. Бұл туралы Еңбекші ауданы әкімдігінде өткен кездесуде айтылды.

handshake 14

Аталмыш жоба Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмидің биылғы 26 қаңтардағы өкімімен бекітіліп, жүзеге асыру мерзімі ақпан-шілде айларына белгіленген болатын. 

Дамыған, өркениетті елдерде азаматтық істердің 30 пайызы медиаторлардың көмегімен реттеледі. Бұл қос тарапқа қолайлы. Өкінішке орай, бітімгершілікке бастайтын пилоттық жобаның өңірімізде жүзеге асу көрсеткіші аз. Еңбекші аудандық сотында небәрі 100 істің 6-ы медиация жолымен шешілген.

Қазіргі таңда Еңбекші ауданында 24 кәсіпқой емес медиатор бар. Бірақ дау-жанжалды сотқа жеткізбей шешу өз деңгейінде орындалмай келеді. 

– Соңғы уақытта тұрғындардың міндетті төлемдерге қатысты мәселелері көбейген. Бірі салық төлемейді, бірі тұтынған коммуналдық қызметтің ақысынан жалтарады. Соның салдарынан сотқа арызданушылардың қатары көбейіп отыр,-дейді Еңбекші аудандық сотының төрағасы Н. Жамашов. 

Сондай-ақ кездесуде аудандық соттың төрағасы медиацияның мүдделі емес тараптардың қатысуымен дауларды реттеудің бейтарап, әділ түрі екендігін, оның қазақ тарихындағы билер сотына ұқсастығын айтып, пилоттық жобаны жүзеге асырудың маңызы зор екендігін жеткізді. Ең бастысы, ол қоғамдағы дау, жанжалдардың мәміле жолымен реттеліп, барынша азаюына септеседі.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.