×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Пәтерін заңсыз жалға бергендерге талап күшейді

Среда, 31 Май 2017 08:59 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3982 раз

Қай қалаға барсаңыз да, белгілі бір орындарда қолдарына кілт ұстаған немесе мойындарына «квартира» деген жазу тақтайшаларын ілген жарнамашыларды кезіктіруге болады. Түнеуге пана іздегендер әрине, осы жерді жағалайды.

kvartira-42

Шымкент қаласындағы 8-шағынаудан тұрғындары үшін осындағы пәтер иелерінің қалыпты іс-әрекеттері үйреншікті жағдайға айналған. Олай дейтініміз, маусым талғамастан, түннің қай мезгілінде болсын, пәтер іздеп шарқ ұрған жандардың аяқ ізі бір сәт те басылған емес. Жергілікті тұрғындар құқыққорғау органдарына талай мәрте шағымданып та көрген. Өз шағымында олар жиі көрініс беріп отырған пәтер ұрлығының салдарын осы әрекеттермен байланыстырады. Олар әлі де болса, жағдайдың дұрысталарына сенеді.

– Түнгі айқай, қатты қойылған музыка, балағат сөздерді жиі естиміз. Мұндай келеңсіздікке етіміз үйреніп кетті. Құқыққорғаушылардың ендігі пәрменді қимылы мұндай бей-берекетсіздікке тосқауыл болса дейміз, – дейді жергілікті тұрғын Елшібек Сағатбеков.

Қалыптасқан бүгінгі жағдайды бағамдаған шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов жуырда қала әкімдігінің мәжілісінде құқыққорғау саласының өкілдеріне «көлеңкелі бизнесін» жандандырып отырған пәтер иелерінің әрекетін зерделеуді тапсырған болатын. Осы орайда, қалалық жергілікті полиция қызметі басшысы бір ғана Абай ауданы аумағында пәтер ұрлығының дерегі алдыңғы жылдармен салыстыра алғанда 16,7 пайызға ұлғайғанын айтады. Бүгінде аталған ауданда 482 жалдамалы пәтер қызмет көрсетуде.

– Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, облыс орталығында прокуратура қызметінің бастамасымен қолға алынған «Қауіпсіз қала» жобасы жүзеге асуда. Мақсат – қала аумағындағы құқықбұзушылық деңгейін төмендету. Бұл бағытта, көпқабатты тұрғын үйлерді жүйелі бақылауға алу мақсатында 479 бейнебақылау қондырғысы жұмыс істеуде. Әсіресе, жиі сынға алынып келген «Нұрсәт» және 8-шағынаудандарда бақылау күшейтілді. Сонымен қатар, ватсап әлеуметтік желісі арқылы «көршілер бақылауы» жобасы да қолға алынды. Әл-Фараби және Қаратау аудандары бойынша 44 көпқабатты үйде әлеуметтік желілер байланысы жүйеге қойылды, – дейді сала басшысы Данияр Мейірхан.

Бүгінде пәтерді жалға берушілер заңды түрде тіркеліп, бюро ашып, өз кәсіптерін дөңгелете түсуде. 

Баспананы жалға беріп табыс табатындар анықталған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабына сәйкес, әкімшілік айыппұл салынады. Айыппұл мөлшері жеке тұлға үшін – 15 айлық есептік көрсеткіші (1 АЕК – 2269 теңге). Ал шағын кәсіпкерлік субъектілері, лауазымды тұлғалар үшін – 25 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 40 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 150 АЕК. Бір жыл ішінде заңсыз жалға беру қайталанатын болса, онда әкімшілік айыппұл мөлшері екі есе артады, ал ірі бизнес субъектілері үшін 500 АЕК-ке дейін артады.

– Түнеуге жатын орын іздеген азаматтар үшін пәтерімді беріп отырмын. Менің де бала-шағамды асырауым керек. Бұл да бір нәсібім ғой, – дейді осындағы «өзін жұмыспен қамтушы» пәтер иелерінің бірі.

Дей тұрғанмен, көлеңкелі бизнестің тізгінін ұстағандардан салық алынбайды. Баспананы жалға беріп табыс табатындар анықталған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабына сәйкес, әкімшілік айыппұл салынады. Айыппұл мөлшері жеке тұлға үшін – 15 айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК – 2269 теңге). Ал шағын кәсіпкерлік субъектілері, лауазымды тұлғалар үшін – 25 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 40 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 150 АЕК. Бір жыл ішінде заңсыз жалға беру қайталанатын болса, онда әкімшілік айыппұл мөлшері екі есе артады, ал ірі бизнес субъектілері үшін 500 АЕК-ке дейін артады.

– Жұмыс бабымен немесе қыдырып басқа қалаға немесе елдімекенге барған азаматтар міндетті түрде тіркелулері керек. Сол секілді, пәтерін жалға беретін азаматтар жалдаушыларды сол үйге уақытша болса да, тіркеуге қоюға міндетті – дейді ОҚО ІІД басшысының орынбасары, полковник Мұхтар Қожабаев. 

Сала маманының айтуынша, облыс көлемінде жыл басынан бері тіркеу ережесін бұзған – 487, төлқұжат ережесін сақтамаған – 1 853 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 492 бабы бойынша айыппұл салынған. Сонымен қатар, жеке тұлғалардың тіркеусіз тұруына жол бергені үшін 10 пәтер иесі ҚР ӘҚБтК-нің 493 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.

Жалпы, өңірде биыл 162 мың азамат тіркеуге тұрыпты. Соның ішінде, 114 мың азамат тұрақты, 48 мың азамат уақытша тіркеуге қойылған. Тұрғын үй меншік иелерінің арызы бойынша 1,5 мың азамат тіркеуден шығарылған.