Қымбатты шымкенттіктер
мен қала қонақтары!
Шымшаһарымызды шырайға бөлеген шуақты мереке – Қала күні құтты болсын!
Шымкенттің шежіресі тарихтың тереңінен тамыр тартады. Ол Жібек жолымен байланысып жатқан ұлы жол. Біздің бүгінгі келбетті қаламыз бен көне шаһардың арасын 2200 жыл тұтастырып тұр. Осындай тағдырлы тарихы бар Шымкент қазір Қазақстандағы үш мегаполистің бірі саналатын агломерациялық қалаға айналып отыр. Осындай биік мәртебеге жету мақсатын Елбасымыздың өзі қойып отыр және біз сол деңгейге жеттік: Шымкент миллионды қала дәрежесіне жақындап келеді, заманауи тұрғын үй кешендері, ғаламат әлеуметтік нысандар бой көтерді.
Шымкенттіктер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына қызу қолдау білдірді. Мен табысқа жету үшін өзгерісті өзімізден бастау керектігін және ғаламдық жағдайға бейімделе білуіміз қажеттігін жақсы түсінемін. Солай бола тұра өзіміздің мәдениетіміз бен ұлттық кодымызды сақтау аса маңызды.
Мен сүйікті қаламыздың көркем келбетімен, жайлы да шырайлы, қонақжай қалпымен, дәрісті дәстүрлерімен, тәлімді тарихымен мақтана аламын. Қаламыздың әдемі ажарын мұндағы тұрғындардың дәулетті тұрмысы, мәдениетті болмысы да айшықтай түседі. Қаламызда заман талабына сай инфрақұрылым қалыптасып келеді, жаңа шағын аудандар, көшелер, спорт алаңшалары, тұрғын үйлер, мектептер мен балабақшалар салынуда. Инновациялық даму деңгейіне үлкен мән бере отырып, қала халқын әр жылғы мерекемізде жаңа мәдени, спорт, білім нысандарының бой көтеруімен қуантуға тырысамын.
Қымбатты шымкенттіктер, қаламыздың қарқынды дамуына қосып жатқан үлестеріңіз үшін баршаңызға шексіз алғысымды білдіремін!
Баршаңызды Қала күнімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға бақыт пен береке, ынтымақ пен бірлік тілеймін!
Біздің шырайлы Шымкентіміз бұдан да көркейіп, көріктене берсін!
Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ,
Шымкент қаласының әкімі