Электронды қызметтің мүмкіндігі зор

Понедельник, 26 Ноябрь 2018 00:00 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2372 раз

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев бастама жасаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»  Жолдауының түйінді мақсаты - жастардың білім мен еңбек және жұмыспен қамту, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге, шығармашылық әлеуетін дамытуға, жастарды ауқымды әлеуметтендіру және патриотизм құндылықтарын   қалыптастыру   үшін жағдай жасау болып табылады.

Жалпы алғанда, Жолдау   еліміздің әлеуметтік –экономикалық дамуының өзекті  мәселелеріне және әл-ауқатымен табыстарының тұрақты өсімі, тұрмыс сапасын жақсартуға, болашақ ұрпақтың қалыптасуы мен жан-жақты дамуына тек арнайы жастар бағдарламалары ғана емес, бүгінде елімізде іске асырылып жатқан

білім    беруді,  денсаулық сақтауды, тілдерді  дамытудың үлесі тиюде.

Жастардың мүдделері мен қажеттіліктерін қозғайтын барлық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды бағалаудың нысаналы индикаторларын енгізу барысында мемлекеттік органға жалақы төлеудің жаңа моделін маңызды шарт болып табылады.

Елбасымыз қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі  негізгі 6 басты басымдықты атап өтті. 1. Халық табысының өсуі,   2. Тұрмыс сапасын арттыру; 3. Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру; 4. Азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік аппарат 5. Тиімді сыртқы саясат; 6. Әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне   атсалысуы шеңберінде іске асырылуда.

Елбасымыздың бұл Жолдаудағы негізгі   басымдықтары – біз үшін жаңа белес. Қазақстан Республикасының кемел келешегін бағдарлайтын, дүниежүзілік деңгейде өзінің беделін асқақтатып көрсететін негіз және Қазақстан Республикасының дамуының жаңа көкжиектерін белгілеумен құнды. Егеменді байтақ еліміз Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті, жаңа сапалық деңгейіне көтерілді.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы электронды қызметтің дәуірден қалмау қажеттігін баса назар аударып отыр.  Президент атап кеткен   басымдықтың негізгі   түйіні,   ол - цифрлық   дәуірдің болатыны. Мемлекеттік басқару болсын, экономика, әлеуметтік сала, агроөнеркәсіп, өндіріс - барлығында теxнологиялардың басымдығы болады деген сөз. Әлем елдері цифрлық теxнологияларға бет алды. Мен ақпараттық теxнологияларды мемлекеттік басқару саласына енгізу мәселесіне баса назар аударғым келеді. Соның нәтижесінде мемлекеттік басқарудың сапасын арттыруға болады. Бұдан бөлек, цифрлық теxнологиялар биліктің ашықтығын, яғни қабылданып жатқан шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етеді. Халық пікірталасқа қатысып, өз ұсыныстарын жасай алады. Мемлекеттік шешімдер қабылданғанда xалықтың пікірі ескеріледі. Мәселен, электронды үкімет - цифрлық дәуірдің бір көрінісі. Қазіргі кезде біз анықтаманың бәрін электронды жүйе арқылы аламыз. Ал "ресми интернет ресурс" арқылы министрлерге сұрақ қойып, сан алуан мәселелерді талқылай аламыз. Мұның барлығы мемлекеттік басқарудың біртіндеп цифрлық теxнологияларға ауысып жатқанын көрсетіп,   жалғаса береді.

 

Әлішерқызы Айдана

Түркістан  облысы Әділет

департаментінің Іс қағаздарын жүргізу

жөніндегі инспекторы,

«Қазақстан заңгерлерінің одағы» РҚБ-нің мүшесі.

Последнее изменение Пятница, 30 Ноябрь 2018 06:39
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.