Желтоқсан – ұлт рухының биік белесі Избранное

Пятница, 14 Декабрь 2018 04:32 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2892 раз

Қазақ тарихында ХХ ғасырдың өзінде тәуелсіздік алу жолындағы күрестен құрбан болғандар саны көп. Сол ғасырда қазақтың саны 8 миллион болса, ХХІ ғасырға аттап кіргенде дәл сол соншама болдық. Бұл туралы тарихшылар М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Қазақстан халқы ассамблеясы» арнайы кафедрасы өткізген «Желтоқсан ызғары – ұлт рухының биік белесі» атты дөңгелек үстелде дерек келтірді.

DSC 0979

Студент-жастардың патриоттық рухын көтеруді мақсат еткен шараға Желтоқсан қасіретіне куә болған жандар шақырылды. Батырхан Сағынтаев, Күлән Мыңбаева Алматының алаңында тәуелсіздік үшін айқасты күндердің естелігімен бөлісті.
– Алаңға шыққандар дәл қазіргі сендердің жастарыңдағы өрімдей ұл-қыздар еді. Олардың жүрегінде Отанға деген махаббат жанып тұрды, қорықпады. Қан төгілді, құрбандыққа ұшырады, қуғындалды. Айналайындар, соның бәрі тәуелсіз ел болу үшін жасалған құрбандық еді. Бүгінде сондай бейбітшілік заманда өмір сүріп жатырсыңдар. Тек тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегенін біле жүріңдер, - деді Күлән Мыңбаева.
Университеттің тәрбие істері және жастар саясаты департаментінің директоры С.Мәжінбековтың «Отарсыздану процесінен өттік пе? 1986 жылы алаңда не үшін қан төгілді» деген сауалдар әрбір жастың көкейінде тұруы қажет. Себебі, тарихтан белгілі болғандай, тәуелсіздікті алу емес, ең қиыны оны ұстап тұру» деген сөзі жастарға үлкен ой тастады.
Жиналғандар жиын соңында тәуелсіздікке қол жеткізу жолын баяндайтын бейнероликті тамашалады.

Айгүл КЕРІМҚҰЛОВА

2004жылы ОҚГА журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолы «Шымкент келбеті» газетінде басталған. «Ұстаз жаршысы», «Денсаулық құпиясы», «Оңтүстік Рабат» газеттерінде, «Отырар» телеарнасында жұмыс істеген. 2017 жылдың тамыз айынан бастап  қалалық «Шымкент келбеті» саяси-қоғамдық газетінің тілшісі.