«Ерекше» балғындар қуанған күн

Среда, 10 Апрель 2019 04:58 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 431 раз

Шымкентте аутизм диагнозы қойылған балғындарға арналған қайырымдылық акциясы өтті. «Арда» қайырымдылық қоры ұйымдастырған іс-шараға Шымкент қаласының әкімдігі қолдау көрсетті.

DSC 5608

Қайырымдылық шарасы шерумен басталып, 30-ға жуық балғын екі қабатты автобуспен қаланың орталық көшелерімен серуендеді. Әл-Фараби алаңынан басталып, Түркістан көшесі, Қонаев және Бәйдібек би даңғылдарының бойымен Наурыз алаңына дейін жүрген ерекше шеруді байкер көші бастап жүрді.

Балғындар отырған «Red bus» автобусы Шымкент көшелерімен салтанатты сап түзіп, бейбіт күн белгісін паш етті. Акция «Панорама» мейрамханасында жалғасты. Онда аутизм диагнозы қойылған балғындар мен ата-аналары ақ көгершіндерді көкке ұшырып, концерттік бағдарламаны тамашалады.