Мұнда Мәскеуде жоқ залдар бар екен

Среда, 13 Ноябрь 2019 04:10 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2039 раз

Эльвира Доля, Мемлекеттердің гуманитарлық-ынтымақтастық жөніндегі халықаралық қор директорының орынбасары:

33333

– Жұмыс бабымен Қазақстанға көп сапарладым. Ал Шымкентке табаным бірінші рет тиіп отыр. Мұнда мені таңғалдырған һәм тамсандырған бір нәрсе болды. Ол – сіздердің концерттік залдарыңыз. Мысалы, Мәскеу қанша үлкен қала болғанымен, бірде-бір 1000 орындық залы жоқ. Не 500 не 5000 орындық. Ал 1000 орындық зал көрермен жинауға таптырмас ғимарат. Брест қаласында 3000 орындық зал бар. Ал оған арнайы бағдарлама қоя алмайсың. Немесе стадионда камералық оркестрдің концертін қою мүмкін емес. Шымкентте бізге таңдау үшін көптеген залдарды көрсетті. Бұл өте жақсы. Олардың құрылысы логикаға сай өте дұрыс жүргізілген.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.