«KAZBAT» – ерлікке ескерткіш

Пятница, 22 Ноябрь 2019 06:07 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2665 раз

Шымкенттіктер белгілі режиссер Асқар Ұзабаевтың жаңа туындысын тамашалады. Тәжік-ауған шекарасында бітімгерлік мақсатта қызмет атқару барысында қаза тапқан сарбаздардың құрметіне түсірілген фильм жабық көрсетілімге келген көпшіліктің көңілінен шықты.

78175522 2371992373113715 1124623872058982400 o

«KAZBAT» көркем туындысында 1995 жылы 7 сәуір күні Пшихарв шатқалында Қазақстан Ішкі әскерінің жетінші құрама ротасына жасалған шабуыл баяндалады. Фильмнің идеясын ұсынған – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов, режиссер – Асқар Ұзабаев, фильмнің қоюшы бас операторы – Максим Задарновский. Туындыны «АЮ СИНЕМА» кинокомпаниясы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қолдауымен жарыққа шығарып отыр.

Фильмде танымал актерлер Дәурен Серғазин мен Ринат Дошибеков, жас актерлер – Халық Рахат, Дияс Мырзахмет, Шарифбек Закиров және Индира Шынболатқызы басты рөлдерді сомдайды.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Н.Ергешбек қарулы қақтығыста құрбан болған боздақтардың ата-аналарына құрмет көрсетіп, сыйлықтармен марапаттады. Фильм 21 қарашадан бастап прокатқа шығады. Ал, теледидарға арналған нұсқасы келесі жылы 7 сәуірден бастап, аталған қарулы қақтығыстың 25 жылдығына орай «Qazaqstan» телеарнасынан көрсетіледі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.