ХҚКО мамандары қашықтан қызмет көрсетуде

Среда, 08 Апрель 2020 05:13 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2082 раз

WhatsApp Image 2020-04-08 at 10.45.38

Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты бірнеше мекемелер қашықтан жұмыс істеу режиміне көшті. Бүгінгі кейіпкеріміз Шыңғыс Смайыл – қызметін үйден жүргізіп жүрген шымкеттік тұрғынның бірі. Ол Шымкент қалалық Абай аудандық ХҚО маманы болып жұмыс істейді. Қазірде қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтерді онлайн алу жөнінде кеңес беріп, 1414 байланыс орталығына келетін қоңырауларға үйден жауап беріп отыр. Барлығына бір мезетте үлгеріп, халыққа да, отбасына да бірдей көңіл бөлу тек жауапкершілігі мол адамдарда ғана кездесетін қасиет деп есептейміз.
Білім саласында қызмет атқарып келе жатқан жары Шолпан екеуі 1 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы. Таңнан қара кешке дейін келген оңырауларға жауап беріп отырған Шыңғыс жарына жәрдемдесіп, балалардың сабағына да көңіл бөліп үлгереді екен.
«Күніне кемінде маған 200-ден аса қоңырау келіп түседі. Қазіргі елімізде орын алып жатқан жағдайға байланысты 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, кеңес сұрап жүгінетін қызмет алушылар көбейді. Мемлекеттік қызмет түрлері бойынша қолымыздан келгенше жедел түрде ақпарат беріп, сұраныстарын қанағаттандыруға тырысамыз. Себебі күніне кемі 200 қоңыраудың артында сұрақтары бойынша хабарласып отырған халық отыр. Уақыт – алтыннан да қымбат»,- дейді Шыңғыс.
Естеріңізге сала кетейік, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы құрған Call-орталықтарда 1414 бірыңғай байланыс орталығының жұмысын күшейту үшін 2366 ХҚКО қызметкері тартылған.

Шымкент қаласы бойынша 142 қызметкер 1414 телефоны арқылы кеңес беретін орталыққа тартылған. Оның 95 үйден ұялы телефон арқылы кеңес береді, 47 қызметкер бейнеқоңырау арқылы көрсетілетін қызметті алушыларды бейнеидентификациялау үшін тартылған.


"Азаматтарға арналған үкімет"

МК КЕ АҚ Шымкент қаласы

бойынша филиалының баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.