Сенат депутаттары – Шымкентте Избранное

Среда, 06 Январь 2021 04:57 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2494 раз

b360c6bc-e24f-4cf5-9b3f-3cabf3524fc9

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары – Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкентке келді. Жұмыс сапары барысында депутаттар қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті.

Сенаторлар ҚР Парламенті Сенатының 2020 жылы атқарылған жұмыстарының қорытындысымен бөлісті. Депутаттар қоғамдық кеңес қызметінің тиімділігін, демократиялылығын, жариялылығы мен ашықтығын айтып өтті.
Кездесу барысында мәслихат депутаттары және қоғамдық кеңес мүшелерінің еңбегі бағаланып, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы М. Әшімбаевтың «Құрмет грамотасы» мен Сенат төрағасының алғыс хаттары табысталды.

 
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.