ЖЫЛДЫ НӘТИЖЕЛІ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ – БАСТЫ МАҚСАТ

Вторник, 28 Декабрь 2021 00:00 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3226 раз

Шымкент қаласы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәжіліс залында ҚР ҰҰ 6698 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, «Еңбек – Шымкент» РМК басшысы, сондай-ақ ҚАЖД ведомстволық бағынысты және құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысуымен 2021 жылғы қызмет нәтижелері бойынша қорытынды жиналыс өтті.

869

 

Отырыста департамент бастығының орынбасарлары: Әділет подполковниктері Бағдат Замирұлы Әсілбеков пен Пархат Әміралиұлы Исақбаев баяндама жасады.
Сондай-ақ, жаппай бейнебақылау және сотталғандарды жұмысқа орналастыру мәселелері бағытындағы жұмыс нәтижелері талқыланды.
Нəтижесінде Ұлттық ұлан әскерлері арасындағы өзара іс-қимылды, алдағы жылы іске асырылатын мекемелердің жұмысын жақсарту бойынша бірқатар шешімдер қабылданды.
Жиналыс соңында Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет полковнигі Теңізжан Нұрмаханұлы Жәнібеков қорытынды жасап, қатысушыларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, барлығына денсаулық пен отбасыларына амандық, қызметте табыс тіледі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.